Brent маркалы мұнай бағасы арзандады
19.08.2021 | 16.40
0
67
Лондон ICE биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 66,99 долларға дейін 2,18%-ға төмендеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Соңғы рет Brent бағасы 24 мамырда барреліне 67 доллардан төмен болған.
Елорда уақытымен 13:25-те Brent барреліне 66,79 доллар деңгейінде саудаланды. Бұл алдыңғы сессияның жабылу деңгейінен 2,11%-ға төмен.
Ал WTI маркалы мұнай барреліне 63,53 долларға дейін арзандады (- 2,52%).
Комментарии (0)