Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев 2011 жылы жұмысқа келген жас дәрігерлерге көтерме төлемнің екінші бөлігі – 150 мың теңгені тапсырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімі баспасөз қызметіне сүйеніп.
2011 жылы Өскемен қаласына қызметке келген Семей медициналық академиясының түлектері 300 мың теңге көтермеақы мен қызметтік пәтер талап еткен болатын.
Сол кездегі қала басшысы И.Әбішев оларға келе салысымен баспана мен төлемнің жартысын тапсырып кеткен еді. Ал екінші жартысын қаланың қазіргі әкімі Серік Тәукебаев 2012 жылдың аяғына дейін өтейміз деп уәде еткен болатын.
Қала басшысы өз сөзінде тұрды. Бүгін Серік Тәукебаев пен қалалық мәслихаттың хатшысы Владимир Головатюк бір топ жас дәрігерлерге көтерме ақыларының екінші бөлігі мен гүл шоқтарын табыс етті.
Комментарии (0)