Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)
03.12.2020 | 17.38
0
2801
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында облыс орталығының 30 отбасына жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етілді.
Аталмыш шараға облыс әкімі Даниал Ахметов те қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.
Олар – көпбалалы отбасылар, балалар үйінің түлектері, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді тәрбиелеп отырған жанұялар, сондай-ақ Ауған соғысының ардагерлері және басқа әлеуметтік топ өкілдері.
Жаңа қоныс иелері қатарында біздің облысымыздың мақтаныштары - Паралимпиада ойындарының жеңіл атлетикадан екі дүркін чемпионы Ольга Демченко, сондай – ақ "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушісі, әнші, республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпазы Владислав Лоскутов та бар.
Отбасын құру, болашақ ұрпақты тәрбиелеу – әрқайсымыздың ең негізгі жетістігіміз. Біздің өміріміздің мәні болған осы бір міндетті орындау басты мақсатымыз.
Комментарии (0)