Дәріптеу дертке айналып бара жатқан жоқ па?

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Дәріптеу дертке айналып бара жатқан жоқ па?

0

86


Менің есіме осыдан бірер жыл бұрын шалғайдағы ауданда тұратын жолдасымның үйінде отырғанда дастархан үстінде болған әңгіме түсті. Әлгі жолдасымның саясаттан аулақ, қатардағы қызмет атқаратын әйелі ойлы сөз айтқан еді.

- Мен түсінбеймін осы. Заман не болып барады? Қазір қит етсе сөздің басы әкімдерді, бастықтарды мақтаудан басталады. Тіпті жиындарды былай қойып дастархан басында осы бір жағымсыз қылықты көріп естіп жүрміз. Айталық, әкім біздің үйде қонақта отыр делік. Дәл осы жерде оны дәріптеп, жақсаттанудың қажеті қанша? Ұят емес пе!? – дегені.

Дұрыс сөз. Содан бері бірнеше жыл өтті. Бірақ біз сол мақтаудан, дәріптеуден әлі айнымай келе жатырмыз. Әкімдерді, министрлерді, депутаттарды мақтаймыз. Елбасын мақтауда да алдымызға жан салмайтын болдық.

Бұл әңгімені неге қозғап отыр дейсіздер ғой? Біз осы қазақтар, жасыратыны жоқ, бір-бірімізді дәріптеуге әуеспіз. Әсіресе, лауазымы биік бастықтарға жағынуға келгенде артымыздан шаң ілестірмейміз. Тіпті кейде осы қылық қазақтың қанына сіңген дертке айналған ба деп ойлайсың!?

Аурухана тұрғызылып, мектеп салынса да, жол жөнделіп, мәдениет ошағы ашылса да әкімнің арқасы, соның еңбегі. «Осылардың бәрі сіздің арқаңызда істеліп жатыр» деп әкімге жатып кеп жалпақтаймыз. Ал шындығында бұл ғимараттар мен жөндеу жұмыстарының басшының қалтасынан емес, бюджеттен шыққан қаржыға атқарылатынын, ол қаржының халықтың, яғни салық төлеушілердің мойнынан жиналатынын ескере бермейміз. Осы айтылғандарды істеткізу, басқару және халық үшін қызмет ету әкімнің тікелей борышы мен міндеті екенін біле тұра, білмегендей боламыз.

Өкінішке орай, талай жағдайда осындай орынсыз дәріптеулердің арты баянсыз болып жатады. Керек десеңіз, сол оңды солды мақтауға алынған «беделді» басшылардың іс-әрекеті ар-ұятты аттап өтіп, заңға қайшы болып шығады.

Қылмысты істерімен халықаралық жұртшылыққа аты әйгілі болған Виктор Храпунов 2005- 2007 жылдары Шығыс Қазақстан облысын басқарды.
Виктор Вячеславовичтің мұнда басшылыққа келуін орыс, қазағы бар талай тұрғындар қуана қарсы алып, бөркін аспанға атты. Біреулері жерлесіміз келді деп қуанды, біреулері «өзіміздің күйеу бала» деп дәріптеді. Өйткені Храпунов мырзаның туып өскен жері Глубокое ауданына қарасты Предгорное кенті, ал оның зайыбы Лейла Бекетова Ұлан ауданының тумасы екен. Бірақ осы бір әркез жымиып қана тұратын, «жүзі сүйкімді, тұлғасы келісті» басшы азаматтың облыста бітіргенінен бүлдіргені көп болды.

Ал біз осы кісіні кәріміз бар, жасымыз бар жиындарда, кездесулер мен мерекелерде асты үстіне түсіп мақтадық. Істеліп жатқан жатқан дүниелердің бәрі сенің арқаң деп дәріптедік. Әлі есімде, Жамбыл драма театрында өткен мерекелік жиында әуелі бір қаламдасымыз Виктор Храпунов мырзаға көпшік тастап, «Жер бетінде сізден өткен әкім жоқ шығар» деп көпіртті.
Өткен жылы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облыс әйелдерінің 3-ші форумы өтті. Осы жақсы шара маған жағымсыз жақтарымен көрінгендей болды. Өйткені ол бастан аяқ мадақтаумен өтті.

Иә, әлемдегі жақсылық атаулының бастауы, тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы - әйел-аналар қандайда болмасын мақтау сөзге, сый-құрметке лайық қой. Бірақ сол сәтте өзім, япыр-ау, сонда Шығыс Қазақстандағы әйелдердің тұрмысында ешқандай проблема жоқ па деген қиналыста отырғандай болдым.

Сонда мінберден «лепіріп» сөйлегендерді әйелдердің, оның ішінде, әсіресе қазақ әйелдерінің әлеуметтік жай-күйі ойландырмай ма екен?! Шалғай ауылдарда жұмыссыз қалып, отпен кіріп, күлмен шығып жүрген немесе күнкөрістің қамымен тентіреп, тары-талқандарын, жеміс-жидектерін сату үшін қыста суыққа тоңып, жазда ыстыққа күйіп жүрген әйелдерді көрмей ме бұл бәтшағарларың! Көп балалы аналардың балаларына алатын түкке тұрғысыз жәрдемақылары мен еңбек сіңіріп, зейнеткерлікке шыққандардың жарымаған зейнетақылары бүгінгі таңдағы әлеуметтік тұрмыстың ең көкейтесті проблемалары емес пе! «Басы ауырмағанның балтыры сыздамайды» деген осы шығар.

Әкімдер ел алдында есеп бергенде де осындай жағымсыз қылық орын алып жүр. Сөз алып, басшының есебін талқылауға шыққандардың көбі алдымен әңгімесін әкімге алғыс айтудан бастайды. Бәрінен бұрын, мақтау сөзге келгенде кейбір от пен су кешкен, тірліктің бар қиындығын бастан өткізген ақсақалдардың, ардагер жандардың желге жеткізбей кететінін қайтерсің!

Әрине, орынды жерде мақтау сөз де керек. Өйткені «Жақсы сөз- жарым ырыс» деген мәтел бекер айтылмаған ғой. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», «Жақсы десең жан семіреді» дейді халық нақылдары. Әкімдердің де лайықты қызметін, басшылық жасаудағы іскерлігін атап айтуға болады. Сол сияқты, белгілі бір кәсіпкер немесе бизнесмен өз қаржысына ауылда мәдениет үйін, спорт алаңын салғызып немесе жолды жөндетіп берсе неге мақтамасқа? Мысал келтірейік. Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойы алдында Ұлан ауданының орталығы – Қасым Қайсенов кентінде еңселі де сәулетті жаңа мешіт пайдалануға берілді. Мұсылман ағайындарына мұндай кереметтей сыйды жасаған Шығыс өңіріне танымал бизнесмен, меценат, «ҚМ компаниясы» ЖШС-нің директоры Қайрат Мусин. Қазіргідей қымбатшылық заманда 200 млн. теңгеден астам қаржы жұмсап Алланың үйі - ғибадатхананың құрылысын жүргізу екінің бірінің қолынан келе бермейтін шаруа. Қайраттың осындай азаматтығын неге мадақтап айтпасқа!

Біз жастарға дәріс беріп, тағлым айтатын кездерде, сөз алып, мінберге шыққанда қаймана көпшілік пір тұтатын Абайды, тағы басқа ғұламаларды еске аламыз. Бірақ ұлы бабамыздың өсиеттерін орындап сақтауға, оның пайдакүнемдік, жағымпаздық, даңғойлық пен жалқаулық сияқты жаман әдет, жиіркенішті дерттерге жаны қарсы болғанына мән бермейміз. Бұл қылықтарды кезінде мөлдір бұлақтай төгіліп, алмас қылыштай жарқылдаған керемет жырларында ұлы ақын Дулат Бабатайұлы да өлтіре сынаған. Ол әсіресе, шен-шекпенге сатылып, елін батпаққа батырып жүрген әкімдер жайында;

Ер деп елді бұзғышты,
Сұқсыр деп сұмырай қызғышты,
Кезқұйрықты лашын деп
Кенеусізді асыл деп,
Жабыны шабан «тұлпар» деп,
« Құтқармайтын құмай» деп,
Төбетке қарғы таққандай, - деп «заманы түлкі болса, тазы болып шалғысы» келетін пысықайлар мен қулардың бет пердесін ашқан.

Әрине, мәселе өткен ғасырларда айтылып кеткен аталы сөздерге де тіреліп тұрмаған шығар. Адамдар әр заманның ағымына қарай өмір кешеді. Десек те, тақырыпқа арқау болған жағымсыз жәйттер қандастарымыздың сүтпен кіріп, сүйегіне сіңген дертіне айналып бара жатыр ма деп өкініш білдіресің.

Алмас Құлеке

Сондай-ақ қараңыз: Жаңалықтар

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 16:25

Қыркүйектен бастап ЖОО оқытушыларының жалақысы көбейеді

Бүгін, 16:01

Күн қайта жылиды - синоптиктер үш күнге болжам жасады

Бүгін, 15:47

ШҚО-да порнографиялық бейнероликтері бар 70 заңсыз сайт анықталды

Бүгін, 15:43

Мүлік және жер салығы 1 қазанға дейін төленуі керек

Бүгін, 14:58

Семейде жол апатынан бір жастағы бала көз жұмды

Бүгін, 14:13

Covid-19: науқастар саны бойынша Семей алда тұр

Бүгін, 14:00

«Бірқабатты Шығыс» бағдарламасымен Өскеменде 180 үй салынып жатыр

Бүгін, 12:31

40 туристі «Қоңыр әулиеге» алып бара жатқан автобус батпаққа батып қалды

Бүгін, 12:21

Үйінің ауласында тұрған көлікті ұрлап кеткен – Глубокое

Бүгін, 11:46

ШҚО-да тағы дауылды ескерту жарияланды

Бүгін, 11:13

Доллар қайта қымбаттай бастады

Бүгін, 11:05

Жолаушылар тасымалымен айналысқан әйел бас бостандығынан айырылды - ШҚО

Бүгін, 10:45

Аягөзде 86 жастағы қария вакцина салдырды

Бүгін, 10:36

Үйінен марихуана табылды - ШҚО

Бүгін, 10:28

Қоғамдық орындарда модульдік полиция бекеті орнатылмақ - ШҚО

Бүгін, 09:52

Зайсанда сапар орталығы салынады

Бүгін, 09:37

"Бір қабатты Шығыс". Тарбағатайда жиырма бес үй салынып жатыр

Бүгін, 09:05

ШҚО-да 270-ке жуық адам індет жұқтырған

15.08.21, 17:05

Өскемендегі «Самал» саябағында велотрек салынып жатыр

15.08.21, 16:32

Өскеменде «Қауіпсіз жол» жедел іс-шарасы жүргізіліп жатыр

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 16:25

Қыркүйектен бастап ЖОО оқытушыларының жалақысы көбейеді

Бүгін, 16:01

Күн қайта жылиды - синоптиктер үш күнге болжам жасады

Бүгін, 15:47

ШҚО-да порнографиялық бейнероликтері бар 70 заңсыз сайт анықталды

Бүгін, 15:43

Мүлік және жер салығы 1 қазанға дейін төленуі керек

Бүгін, 14:58

Семейде жол апатынан бір жастағы бала көз жұмды

Бүгін, 14:13

Covid-19: науқастар саны бойынша Семей алда тұр

Бүгін, 14:00

«Бірқабатты Шығыс» бағдарламасымен Өскеменде 180 үй салынып жатыр

Бүгін, 12:31

40 туристі «Қоңыр әулиеге» алып бара жатқан автобус батпаққа батып қалды

Бүгін, 12:21

Үйінің ауласында тұрған көлікті ұрлап кеткен – Глубокое

Бүгін, 11:46

ШҚО-да тағы дауылды ескерту жарияланды

Бүгін, 11:13

Доллар қайта қымбаттай бастады

Бүгін, 11:05

Жолаушылар тасымалымен айналысқан әйел бас бостандығынан айырылды - ШҚО

Бүгін, 10:45

Аягөзде 86 жастағы қария вакцина салдырды

Бүгін, 10:36

Үйінен марихуана табылды - ШҚО

Бүгін, 10:28

Қоғамдық орындарда модульдік полиция бекеті орнатылмақ - ШҚО

Бүгін, 09:52

Зайсанда сапар орталығы салынады

Бүгін, 09:37

"Бір қабатты Шығыс". Тарбағатайда жиырма бес үй салынып жатыр

Бүгін, 09:05

ШҚО-да 270-ке жуық адам індет жұқтырған

15.08.21, 17:05

Өскемендегі «Самал» саябағында велотрек салынып жатыр

15.08.21, 16:32

Өскеменде «Қауіпсіз жол» жедел іс-шарасы жүргізіліп жатыр

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: