Демалыс күндері ауа райы қандай болады - ШҚО
10.09.2021 | 14.34
0
57
Синоптиктер ел аумағында суық антициклон өтетінін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Апта соңында ел аумағының басым бөлігі, әлі де өтіп бара жатқан циклон жырасының ықпалында болады.
- Солайша елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында екпінді жел соғып, шығыста найзағай соғып, жаңбыр жауады. Содан кейін 12 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағына Мәскеу аудандарынан суық антициклон ауысатын болады. Ол негізінен жауын-шашынсыз ауа райы мен түнде ауа температурасының батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталық пен шығыста минус мәндеріне дейін төмендеуіне әкеледі, – дейді синоптиктер.
Ел аумағында ауа температурасы 1 градусқа дейін төмендеуі де мүмкін.
Комментарии (0)