Демалыс күндері Өскеменде жәрмеңке өтеді
16.12.2021 | 16.00
0
40
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 18 желтоқсан күні Өскеменде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жәрмеңке «Fresh-Market» сауда-логистикалық орталығы мен «Dos Nar» сауда үйінің аумағында ұйымдастырылады. Онда Өскемен қаласындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өнімдері саудаланады.
Қала тұрғындарына өнімдердің қолжетімділігін арттыру үшін «Fresh-Market» сауда-логистикалық орталығында «Крупнофф» ЖШС тазартылған күнбағыс майының бір литрін 630 теңгеден сатуды жоспарлап отыр.
Тұрғындар тауар өндірушілердің тікелей өзінен сертификатталған және сапалы өнімдерді орташа алғанда нарықтағыдан 15%-ға төмен бағамен сатып ала алады.
Сонымен қатар, қала әкімдігі Өскемендегі басқа да тауар өндірушілерін жәрмеңкеге қатысуға шақырады. Өз өнімдерін саудалау үшін өндірушілерді ветеринарлық жолдаушы құжат болу керек.
Жәрмеңкенің уақыты: сағат 07.00-ден 15.00-ге дейін.
Комментарии (0)