ЕҚДБ желісі бойынша атқарылған жобалар - ШҚО
21.12.2021 | 11.38
0
26
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі желісі бойынша ШҚО-да бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. 75 млрд теңгеге 12 бастама бойынша келісімшарттар мен келісімдер жасалды, 302 млрд. теңгеге 102 жобадан тұратын несиелік портфель қалыптастырылды.
«Жаңғыз Solar» ЖШС күн электр станциясының құрылысы бойынша жоба аяқталды.
Өскемен және Семей қалаларында жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту бойынша 3 жоба іске асырылды. Сондай-ақ, екі қаладағы көшелерді жарықтандыруды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылдан бастап 15,5 мың шам ауыстырылды, ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 20,5 мың шам ауыстырылады. Жобалар бойынша барлығы 32 мың шам ауыстырылуға тиіс.
Комментарии (0)