"Ең үздік спорт нысаны болады" Даниал Ахметов құрылыс басына барды
09.12.2021 | 10.13
0
34
Өскемендегі үстел теннисі орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.
Нысанның сыртындағы жұмыстар толық аяқталған. Құрылысшылар қазір жоспарға сәйкес ішкі әрлеу жұмыстарына көшіпті.
– Спорт нысаны аяқталуға жақын. Сондықтан біз дизайнерлермен және жаттықтырушылармен бірге киім ауыстыратын бөлмелерді, жаттығу залдарын, конференц-залды қайда және қалай орналастыру керектігін тағы бір рет талқыладық. Олар жаттығулар мен түрлі жарыстар, кездесулер және басқа да іс-шаралар өткізуге ыңғайлы әрі оңтайлы болу керек. Жалпы мен бұл орталық өңірде ғана емес, елдегі ең үздік спорт нысандарының біріне айналатынына сенімдімін, – деп жазды аймақ басшысы өз аккаунтында.
Комментарии (0)