Экологтар: Өскеменнің ауасындағы азот және күкірт қышқылы шекті мөлшерден асып кетті
24.08.2018 | 05.21
0
47
Облыстық қоғамдық кеңестің экологиялық мәселелер жөніндегі сараптамалық жұмыс тобының отырысында белгілі болғандай жақсарып қалды делініп жатқан Өскеменнің лас ауасы әлі тазармай отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
-Қала ауасындағы азот,күкірт қышқылы сияқты зиянды шығарындылар мөлшерінің белгіленген шекті көлемнен (ПДК) асып кетіп отыруы қаланың ауа сапасының жақсармағанын, ластану деңгейінің әлі жоғары екенін көрсетеді.- деді жұмыс тобының отырысында «Экологиялыққауіпсіздік орталығының» директоры Геннадий Корешков.
Экологтар бұл жолы да Өскеменнің ауасының ластануына Казцинк, Өскемен, Согра ЖЭО ларымен бірге көліктердің, соның ішінде қоғамдық көліктердің үлесі де аса жоғары екенін айтты
Комментарии (0)