Елбасы бастаған бітімгерлік миссия

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Тәуелсіздік - 30

Елбасы бастаған бітімгерлік миссия

0

360

Қазақстан – тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда ел ішіндегі ғана емес, аймақтық, тіпті жаһандық бейбітшілікті сақтауды басты ұстаным еткен мемлекет. Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында, Қарулы Күштерді енді жасақтап жатқан кездің өзінде Орталық Азияның, тіпті тұтас ТМД кеңістігінің қауіпсіздігі үшін сарбаздарын ұйымның сыртқы шекарасына жібергені бар. Сөйтіп, Қазақстан адамзаттың бейбіт өмір сүруіне мүдделі екенін көрсеткен. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұстанған саясаттың негізгі басымдықтарының бірі.

Негізі, Елбасы Қазақстандағы тұрақтылық пен бейбітшілікке төнуі мүмкін қауіп-қатердің сан қырлы екенін жақсы білді. Елді іштен ірітуді көздейтіндер әдетте сыртта отырады. Ал сырттағылар ел шекарасына шиеленіске толы, түрлі қақтығыс болып жатқан өңірлер арқылы жақындайтыны сөзсіз. Одан бөлек, аймақтық қақ­тығыстар мен тұрақсыз ахуал босқындар легін көбейтеді де, олар­дың бір бөлігі Қазақстанға қарай ағылуы мүмкін. Сондықтан ел ішіне экстремистік идеялардың енуіне, босқындар армиясының қалыптасуына, аймақтағы әлеу­меттік-экономикалық жағдай­дың шиеленісуіне жол бермеу үшін Қазақстан алдымен посткеңестік елдердің аумағындағы, кейін тіпті жаһандық масштабтағы бітімгер­­лік миссияларына қатысты. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі тура мағынасында айтқанда бітімгер тұлға болатын.

Н.Назарбаевтың бітімгерлік миссиясы КСРО тарамай тұрып-ақ басталды. Елбасы 1990 жылдың сәуірінде ҚазКСР Президенті болып сайланған сәттен-ақ бітім­герлік миссиясын бастады. Өйткені дәл сол кезде Кавказда Әзербайжан мен Армения арасында Таулы Қарабақ үшін жанжал басталған болатын. Дәлірек айтқанда, 1988 жылы басталған жанжал екі жыл ішінде әбден шиеленіскен еді. Сон­дықтан Н.Назарбаев пен Ресей президенті Б.Ельцин Таулы Қа­рабақтағы қантөгісті тоқтатуды маңызды деп санап, араағайындық жасауға кірісті. Екі елдің пре­зиденттері 1991 жылғы 20-23 қыр­күйекте Баку, Степанакерт және Ереван қалаларында болып, бір­неше кездесу өткізген еді. Ал 1992 жылғы 27 тамызда Елбасы Алм­а­тыда Қазақстан, Әзербайжан және Армения сыртқы істер ми­нистр­лерінің үшжақты кездесуін ұйым­дастырды. Осылайша, Қазақ­стан Кавказдағы жанжалдың тоқтауына мүдделі болды. Одан бөлек, Қа­зақстан Иранның ядро­лық бағдар­ламасына қатысты дауды шешу үшін 2000 жылдары бірнеше мәрте диалог алаңын ұсынған болатын. Сөйтіп, батыс елдері мен Тегеран өкілдерінің мәселелерді үстел ба­сында талқылауына мүм­кіндік берді. Сонымен бірге Ауған­стан­дағы, Сириядағы со­ғысты тоқтатуға қатысты талай ұсыныс айтылды. Ауғанстанды қалпына келтіру үшін еліміз ұдайы гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. Ал Сириядағы соғысты тоқтату үшін қарсыласушы топ өкілдерін бір үстелдің басына жинаған «Астана процесі» деп аталатын формат бүгінде көпке танымал.

Әрине, араағайындық жасап, жанжалдасушы тарапты келісім­­ге келуге шақыру оңай іс емес. Алайда 30 жылға жуық уақыт ішіне Н.Назарбаевтың бітімгер ретіндегі келбеті қалыптасты. Бәлкім содан да шығар, аймақтық саясатта Қазақстанның диалог алаңын ұсынғанын құп көретіндер пайда болды. Мәселен, 2015 жылы Түркия Ресейдің Су-24 ұшағын атып түсіргеннен кейін екі елдің арасындағы байланыстың түзелуі­не тікелей Назарбаевтың ықпал еткені бар. Тіпті, түрік саясаткер­лері мен масс-медиасы Ресеймен арадағы кикілжіңді шешуге Назарбаевтың араласқанын қа­лай­тынын бірне­ше мәрте тұс­пал­­­­даған. Кейін шы­­ны­мен де Қазақстан басшы­сының арала­суымен Р.Ердоған мен В.П­утин кездесіп, мәселелер ше­шілді. Бұл оқиға отандық дипло­матия мен еліміздің бітімгерлік миссиясы тарихында қалатыны сөзсіз.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 17:34

ШҚО-да төрт жасар бала жоғалып кетті

Бүгін, 17:28

Өскеменде 137 кәсіпорын ASHYQ жобасымен жұмыс істеп тұр

Бүгін, 16:29

Су шығарамыз деп шу шығарды - Күршім (ВИДЕО)

Бүгін, 16:16

Жапониялық дәрігерлер Олимпиаданы кейінге қалдыруды ұсынды

Бүгін, 15:44

ХҚО мамандары тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарудың тәсілін көрсетті - ШҚО

Бүгін, 14:39

Аудан әкімі: "Аягөз өзенінің бүгінгі жайы өте нашар"

Бүгін, 14:36

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 кинотуынды жарық көреді

Бүгін, 14:23

Коронавирус пен пневмониядан 37 адам қайтыс болды

Бүгін, 13:31

Есірткі шегіп көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды - ШҚО

Бүгін, 12:09

"Нұрлы жер": Катонқарағайда үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды

Бүгін, 11:49

Өскемендегі сауда орталықтарының бірін түтін басып кетті

Бүгін, 10:54

19-шы шағын ауданда жарық өшіп қалды – Өскемен

Бүгін, 10:02

Семейде ер адам өз-өзіне қол жұмсаған

Бүгін, 09:28

Шығыста бұршақ жаууы ықтимал – Қазгидромет

Бүгін, 09:10

ШҚО-да бір тәулікте 102 адам індет жұқтырған

13.05.21, 17:45

ШҚО-да "Назар аударыңыз, балалар!" жедел алдын алу шарасы өтуде

13.05.21, 17:12

Әлемдегі ең қанішер әйелдер туралы не білеміз?

13.05.21, 16:14

Зайсан ауданында мал неге қынадай қырылып жатыр?

13.05.21, 15:03

ШҚО-да шектеу шараларын бұзған 8 жағдай анықталды

13.05.21, 14:13

ШҚО-ның барлық қалалары мен аудандары Риддерге гуманитарлық көмек жіберіп жатыр

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 17:34

ШҚО-да төрт жасар бала жоғалып кетті

Бүгін, 17:28

Өскеменде 137 кәсіпорын ASHYQ жобасымен жұмыс істеп тұр

Бүгін, 16:29

Су шығарамыз деп шу шығарды - Күршім (ВИДЕО)

Бүгін, 16:16

Жапониялық дәрігерлер Олимпиаданы кейінге қалдыруды ұсынды

Бүгін, 15:44

ХҚО мамандары тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарудың тәсілін көрсетті - ШҚО

Бүгін, 14:39

Аудан әкімі: "Аягөз өзенінің бүгінгі жайы өте нашар"

Бүгін, 14:36

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 кинотуынды жарық көреді

Бүгін, 14:23

Коронавирус пен пневмониядан 37 адам қайтыс болды

Бүгін, 13:31

Есірткі шегіп көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды - ШҚО

Бүгін, 12:09

"Нұрлы жер": Катонқарағайда үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды

Бүгін, 11:49

Өскемендегі сауда орталықтарының бірін түтін басып кетті

Бүгін, 10:54

19-шы шағын ауданда жарық өшіп қалды – Өскемен

Бүгін, 10:02

Семейде ер адам өз-өзіне қол жұмсаған

Бүгін, 09:28

Шығыста бұршақ жаууы ықтимал – Қазгидромет

Бүгін, 09:10

ШҚО-да бір тәулікте 102 адам індет жұқтырған

13.05.21, 17:45

ШҚО-да "Назар аударыңыз, балалар!" жедел алдын алу шарасы өтуде

13.05.21, 17:12

Әлемдегі ең қанішер әйелдер туралы не білеміз?

13.05.21, 16:14

Зайсан ауданында мал неге қынадай қырылып жатыр?

13.05.21, 15:03

ШҚО-да шектеу шараларын бұзған 8 жағдай анықталды

13.05.21, 14:13

ШҚО-ның барлық қалалары мен аудандары Риддерге гуманитарлық көмек жіберіп жатыр

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: