Елбасы сөзін елемеу ме, қандастарымызды қажыту ма?

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Елбасы сөзін елемеу ме, қандастарымызды қажыту ма?

0

138

Тәуелсіздікке қол жетіп, еліміздің еңсесі тіктелген 20 жыл ішінде экономикамыздың қарқынды қадамнының сыртында рухымызды көтеріп, халқымыздың мақтаныш сезіміне айналған иілікті, ізгілікті қаншама шаруа тындырылды. Соның бірі – шетелдегі қандастарымызды ортамызға оралтып, бауырымызға басуымыз.

Әлемде қандастары үшін мұндай мүмкіндікті бізден өзге екі-ақ ел жасап отыр деп тамағымыз жыртылғанша айғайлап жүрміз. Бірақ, сол қандастарымыздың қатарға тезірек қосылып кетуіне қолдау көрсетуімізден қолбайлау болып, бөгет жасауымыз көп екенін біреу білсе де біреу білмейді.
Оның да жөні бар, оралмандарға қатысты туындаған проблемалар елеусіз қалған емес, бірі ерте бірі кеш шешімін тауып жатады. (Көбіне Елбасының өзінің араласуымен) Ал өкініштісі шенеуніктер бір проблеманы шешкен күні қатарынан екі бөгетті әдейілеп тұрып қолдан жасап қояды. Сөйтіп, былай қарағанда халық оралмандар мәселесі айтты болды шешіліп жатады деген түсінік алады. Шын мәнінде кедергінің саны кему орнына еселеп артып жатады.
20 жыл бойы ең басты проблема болып келген оралмандардың Қазақстан азаматтығын алу мерзімін қысқарту мәселесі де бір қарасаңыз шешімін тапқан сияқты. Алғашқылар 10 жыл сандалса қазір 6 айда азаматтық алатын болды. Бірақ бұл да салыстырмалы ұғым. «Әр елдің салты басқа» дегендей әр облыста әрқилы. Азаматтығын жылдап күттіретін облыстар әлі де бар екенін естіп те, көріп те жүрміз. Сол сияқты 2004 жылға дейін оралмандар Қазақстанның азаматтығына қабылданып, жеке куәлік қолына тигенше СИК (әлеуметтік жеке код) ала алмайтын. Әлеуметтік жеке коды жоқ оралман жұмысқа орналаса алмайды, түрлі жәрдемақы, зейнетақы ала алмайды. Неше жыл оралмандардың басты қиындығына айналған бұл проблеманы үікмет 2005 жылы шешіп, ендігі жерде СИК оралман куәлігі негізінде берілетін болды. Есесіне «Ықтияр хат» деген бәлені ойлап тапты. (Бұған дейін оралмандар оралман куәлігін алған соң тура Қазақстан азаматтығына құжат тапсыратын.) Сіздің ықтияр хатқа тапсырған құжаттарыңыз қауіпсіздік комитеті бастаған төрт мекеменің тексеруінен өтіп, соңғы жауабы ереже бойынша екі айда, нақты өмірде 3-4 айда келетін болды, нотариусқа бекіттірелін құжаттың саны екі есе өсті. Азаматтықты 6 айда алу деген ұғым сіздің азаматтыққа өту үшін Елбасының атына өтініш жазып, құжат тапсырған күніңізден бастап есептелінетінін ескерсек оралман куәлігіне, ықтияр хатқа жұмсаған уақытыңызды қоса есептесек баяғы бір жылдың арғы жағы, бергі жағы болып шығады.
Мұндай бір қиыншылықты екінші қиыншылықпен алмастыру дерегін жүздеп болмаса да ондап санауға болады. Бұдан бір-екі жылдың алдында келген оралмандарды құзырлы органдар квотаға «сыйғыза алмай» әуре болды. Сыйғыза алмай сөзін тырнақшаға алуымызда да мән бар. Олар сыйғыза алмайтындай Елбасы бөлген 20 мың отбасылық квотадан оралмандардың саны артылған емес. Әлдекімдерге квотаға енушілерден пара алу үшін қажет болған айла-шарға болса керек. Осы айла-шарғыға жол ашқан көші-қон комитеті квотаға енгізудің жаңа тәртібін белгіледі. Квотаның көшіп келу кезегімен белгілейтін бұрынғы тәртібін әділетсіздікпен бұрмалап, бір кездегі оралман ұшқышқа да, Дубнадан бітірген ядролық физика инжеріне де қой бақ деп талап қойған қателіктерін түзеп, мамандығына сай қызметі ұсынатындай ендігі жерде квота үшін мамандық дипломдары мен бала санына қарай кезекке тұрғызды. Егер екі жоғарғы мектеп бітірген болсаңыз немесе бестен жоғары балаңыз болса сіз квотаға бірінші кезекте ілінесіз. Сыбайлас жемқорлар сізге жасанды екі диплом, бірер баланың туу туралы куәлігін жасап береді де квоталық көмек кезегінің алдыңғы қатарына іліктіреді. Әлгі оралмандарға артығымен, кезектен тыс келген квоталық көмек ақшаның тең жартысы солардың қалтасында кетеді. Сорақылықтың аты сорақылық, тәртіптің ғұмыры ұзаққа барған жоқ. Дегенмен біраз алаяқ қалтасын қампитты. Есесіне алаяқтар емес, квоталық көмегін тезірек алу үшін арбауға көнген оралмандар «жемеңқор» атанды. Осындай сорақы тәртіпті бекіткендер не ойлағанына қайран қаласыз.
Кешеге дейін осы саламен айналысқан департамент (кейінен комитет) небір сорақылықтарға жол бергенін оралмандар ғана жақсы біледі. Олар айтты да, жазды да, құзырлы органдарға шағымданды да. Бірақ өзгерген ешнәрсе жоқ. Басшылыққа келгендер «бір қызымнан бір қызым сорақы» болды. Ойласақ әубаста келелемін деушілерді жерінен барып көшіріп алу нағыз дұрыс ұйымдастырылған шара, жемқорлықты болдырмаудың жалғыз жолы екен. Алайда, еліміздің экономикалық өтпелі кезеңінің қысыл-таяң шағында жеткен үкімет қаржысының әлеуетіміздің артқан шағында жетпей қалуы таңданыс тудырады. (Мүмкін, қандастарымызды жерінен көшіріп әкелсе, жемеңқорлардың қалтасына көк тиын түспей қалатын болған шығар.) 1993 жылы осы ұйымды Алтыншаш Жағанова ханым басқарып тұрғанда Монғолиядан 200 отбасын көшіріп алуға бөлінген қаржының төрттен бірі ғана игерілді. Жаз бойы көлік күтіп буынып-түйінген халықтан небәрі 50 отбасы қарашаның қақаған суығында еліне оралды. Қалған ақшаның қайда кеткенін қузағысы келіп, мәселе көтерген Парлемент мәжілісінің депутаты Уалихан Қалижанның жанайқайынан да ештеңе өнген жоқ. Комитет басшылығына келген жаңа басшы Жазбек Әбдиев мырза бұл істі тектемек түгіл, жауап бермей жаңыла берді. Зардабын атажұртты қанша аңсаса да өз бетімен көшіп келуге қаржысы жоқ Монголиядағы жүздеген отбасы тартты. Жерінен барып көшіріп алатын бұрынғы тәртіп өзгергендіктен олар тарихи отанына орала алмай, Монғолияда күні бүгін қайыршылықпен күн кешіп отыр. Ал, жемқорлар келмеген оралманды «келтіріп» пайда тапты.
Жазбек пен Алтыншаштың тұсында квотаны ел-елге бөлетін, квоталық жәрдемақыны бір-біріне ауыстыруға қатаң тыйым салған тағы бір құйтырқылық үстемдік құрды. Ресейден келетіндер саны жоспарлаған санға жетпесе, Қытай мен Монғолиядан келген оралмандар квотаға сыйыспай алды үш жылға дейін кезек күтіп сандалды. Ал, Ресейден немесе сол сияқты қандастарымыз аз келетін басқа да елдерге бөлінген квоталық жәрдемақы қаржысы игерілмей босқа жабылып кетіп жатты. Бұлайша алалау «ала қойдың жүнін бөле қырқу» еді.
«Айта берсе өкпе көп, жеңешем бақыршасын да бермей қойған» деген екен баяғыда бір жаман абысын. Елбасы үкіметке оралмандарды әуелі баспанамен қанымдауды тапсырды. Шенеуніктер ауылдың ең шетіндегі құлағалы тұрған баспаналарды арзанға сатып алып, қымбатқа бағалап, оралмандарға үлестірді. Арасынан өздері пайда көрді. Сосын Елбасы оралмандарға баспана емес, баспана сатып алуға ақша бөлуді тапсырды үкметке. Нағыз жемқорлық осы тұстан басталды.
Мәселеге тағы да Елбасы араласып, шымкенттіктердің бастамасын қолдап, оралмандарға арзан несиемен баспана салып беруді тапсырды. Көптеген облыс қолға алған «Нұрлы көш» атты бұл бағдарламаның да арты сиырқұймышақтанып бара жатқанын білеміз. Көкшетау қаласының іргесіне «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша салынған үйлердің сиқын телеарналар бір қыс бойы жырлады. Соңында комитеттің бұрынғы басшысы Қабдыл- саят мырза құрылысты салған «Сарыарқа» компанисын емес, оралмандарды кінәлап: «Монғолиядан келген ағайындардың 99 пайызы сауатсыз» деп жала жауып, басы бәлеге шатыла жаздады. Тіпті ауыл басшысы «оралмандар от жаға білмейді екен» деп сандырақтады.
Сөйтіп, еліміздің тәуелсіздігі арқылы қол жеткізген, ұлттық рухымызды көтерудің зор мүмкіндігі саналған көші-қон процесі өткен 20 жыл ішінде шенеуніктердің талай құйтұрқылығын бастан кешіріп, бүгінге жетті. Кеше ғана Дүниежүзі Қазақтарының 4-құрылтайында дүркіретіп өткіздік. Шеттегі ағайындардың теле арналарға берген лебіз, сұхбаттарынан көңілімізге түйгеніміз келемін деушілерге басты кедергі сол баяғы қағаз бастылық, сыбайлас жемқорлық, қала берді орыс тілінің үстемгі көрінеді.
Бұл Құылтайда да Елбасы алыстағы ағайындардың жарқын болашағына жол сілтеді, тың ұсыныстар жасады. Басшылар үйреншікті әдетімен тағы да бас шұлғып қабыл алды. Ең бергісі шеттен келген қандастарымызға Қазақстан азаматтығын үш айға сыйыстырып беруді құзырлы органдарға тапсырды. Елбасы айтты, бұл тапсырма қағаз жүзінде қолма-қол орындалатынына күмәніміз жоқ. Бірақ шынайы өмірде тартыншақ түйедей созбұйдаға салатын ескілікті ауырудың қайталанатынына да күмәнданбаңыз. Өйткені құйтырқылықтың бір түрін шенеуніктер құрылтай өтерден бірер апта бұрын ойлап тауып та қойған болатын. Не дейсіз ғой. Бұрын шеттен келген ағайындар келе құжаттарын Қазақстан Республикасының кез-келген нотариусына бекіттіре алатын. (Әр нотариустың өзінің бекітітілген аудармашылары арқылы.) Ендігі жерде Қытай мен Монғолиядан келген оралмандар (Мейілі 20 жылдың алдында келген болса да) құжаттарын әуелі сол елдердің Қазақстандағы елшілігіне өз қолдарымен апарып растатып, сонан соң ҚР Сыртқы істер министрлігінен рұқсат алатын тәртіпке көшірілді. Бұл дегеніңіз - шетелден келген қандастарымызды титықтатудың кезекті айла –тәсілі.
Астана, Алматы қалалары мен оған жақын орналасқан елді мекендер үшін, әрине, көп қиыншылық тудырмайды. Ал Астанадан да, Алматыдан да 1200 шақырым қашықтықтағы Шығыс Қазақстан облысында, оның Зайсан, Катонқарағай сияқты Өскеменен 500 шақырым қашықтықтағы шалғай аудандарындағы осыдан 20 жыл бұрын келген қандастарымыздың бірінің отбасында бір сәби өмірге келсе отағасы Монғолиядан берілген неке куәлігін растату үшін Астанаға баруы керек екен. Жол қаржысы мен уақытты есептей беріңіз. Тек Өскемен қаласынан Астанаға барып қайту үшін кемінде 10 мың теңге қажет. Астанада туыс-туғаны жоқ болса, қонақ үйге қонуға тура келеді. Онда шығын еселеп артады. Оның үстіне құжатты куәландыру құны әр бетке 6 доллар немесе 900 теңге. Жаңадан көшіп келген 4 балалы оралман зайыбы мен өзінің төл құжатын, неке куәлігін, мамандық диплом немесе кәліктерін, еңбек кітапшасын, 4 баланың туу туралы куәлігі мен шекарадан өту үшін берілген парғын (Барлығы шамамен 20-22 құжат) бір дана растату үшін кемінде 30 мың теңге қажет екен. Мәселе мұнымен біткен жоқ. Квоталық жәрдемақы алу үшін әр құжат үш данадан дайындалады. (Оралман куәлігіне, ықтяр хатқа, азаматтыққа) Сонда 90 мың теңге. Мұндай нотариалды аудармаларды түрлі жәрдемақы алу, басқа да қажеттіліктер үшін оралмандардан әртүрлі мекемелер Қазақстан азаматтығын алғаннан соң да талап етеді.
Сонда шетелден келетіе қандастарымыздың ДЖҚ –ның 4- құрылтайы шешімінен кейін көрген жеңілдігі осы ма?
Мен жуықта Монғолияның елімідегі елшілігінің осы іске жауапты консулына жолығып сұхбат алдым. Консул мырзаға қаржы үнемдеу үшін оралмандардың құжаттарын өздерінің нотариуспен бекіттіріп берген сенім хаты негінде 5-10 жанұядан топтастырып бір өкіл әкелсін деген тілек білдірдік. Ол бұған келіспей отыр.
Жалпы бұл – нағыз қолдан жасалған қиыншылық. Не үшін қажет болғанын түсінбейсіз. Өйткені құжатттардың (азаматтық төлқұжат балалардың туу туралы куәлігі, шекарадан өту парақшасы) жалған еместігін Монғолияның, Ресейдің, Қазақстанның кеден бекеттеріндегі ішкі істер қызметкерлері үш қайта тексеріп, мөр басып отыр емес пе!? Оралмандар ісін өз қарамағына алған көші-қон полициясы келген ағайындардың шекарадан өткен өтпегенін кеден бекеттерінің журналымен салыстырып тексеріп отыратын тәртіп орнатқан. Сонда енді не керек!? Шекарадағы өз қызметкерлері «ай қарап отыр» деп сенбей, Қытай мен Монғолияның елшілігіне сенгені ме? Олардың қарақұрық жасамайтынына кім кепіл.
Міне, әлемдегі күллі қазақтың қамын, тәуелсіз еліміздің ұлтық мүддесін ойлаған Елбасы оралмандардың отанына тезірек сіңісіп кетуіне жағдай жасау жөнінде қатысты ұйымдарға тапсырма береді, шенеуніктер елемейді. Салдарынан оралмандар 20 жыл бойы зардап шегіп келеді.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz

Сондай-ақ қараңыз: Жаңалықтар

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 18:00

ШҚО-да жазғы тілдік мектептердің жобасы әзірленеді

Бүгін, 17:26

Рухани құндылықтар – бейбітшілік пен келісімнің кілті

Бүгін, 17:14

Риддер ЖЭО-ға министрліктен комиссия келеді

Бүгін, 16:32

ШҚО-да бау-бақша серіктестіктері электр энергиясымен қамтамасыз етіледі

Бүгін, 16:16

Жиһаз аламын деп, алаяқтың арбауына түсті - Өскемен

Бүгін, 15:44

«Конституциялық реформа» тақырыбында семинар өтті - Өскемен

Бүгін, 15:28

Өскемен әкімі аула мен жол жұмыстарын тексерді

Бүгін, 14:59

Референдум: Конституциялық өзгерістердің айқын 10 көрінісі

Бүгін, 11:03

Жағажайлардағы судың сапасы тексеріледі - Өскемен

Бүгін, 10:18

Риддердегі өрт: Кінәлі азаматқа қатысты сот шешімі шықты

Бүгін, 10:00

ШҚО гвардияшылары ҚР Қорғаныс министрлігінің батальонымен бірлесіп оқу-жаттығу өткізді

Бүгін, 09:38

ШҚО-ға 4271 мың тонна көлемінде көмір қоры қажет

25.05.22, 17:38

"Ипотека бойынша көмектесемін" ШҚО-да алаяқ 6 млн теңге жымқырып кетті

25.05.22, 17:25

Өскеменде қолөнершілер байқауы өтеді

25.05.22, 16:19

Өскеменде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізіледі

25.05.22, 15:31

Семейлік тұрғыннан бір келі марихуана тәркіленді

25.05.22, 15:01

«А.Л.Ж.И.Р» қойылымының актерларымен кездесу өтті - ШҚО

25.05.22, 14:51

28,2 млн теңге сомасына 23 грант берілді – ШҚО

25.05.22, 11:32

Өскеменде гараж өртенді

25.05.22, 11:09

ШҚО-да мемлекеттік грант кімдерге беріледі?

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 18:00

ШҚО-да жазғы тілдік мектептердің жобасы әзірленеді

Бүгін, 17:26

Рухани құндылықтар – бейбітшілік пен келісімнің кілті

Бүгін, 17:14

Риддер ЖЭО-ға министрліктен комиссия келеді

Бүгін, 16:32

ШҚО-да бау-бақша серіктестіктері электр энергиясымен қамтамасыз етіледі

Бүгін, 16:16

Жиһаз аламын деп, алаяқтың арбауына түсті - Өскемен

Бүгін, 15:44

«Конституциялық реформа» тақырыбында семинар өтті - Өскемен

Бүгін, 15:28

Өскемен әкімі аула мен жол жұмыстарын тексерді

Бүгін, 14:59

Референдум: Конституциялық өзгерістердің айқын 10 көрінісі

Бүгін, 11:03

Жағажайлардағы судың сапасы тексеріледі - Өскемен

Бүгін, 10:18

Риддердегі өрт: Кінәлі азаматқа қатысты сот шешімі шықты

Бүгін, 10:00

ШҚО гвардияшылары ҚР Қорғаныс министрлігінің батальонымен бірлесіп оқу-жаттығу өткізді

Бүгін, 09:38

ШҚО-ға 4271 мың тонна көлемінде көмір қоры қажет

25.05.22, 17:38

"Ипотека бойынша көмектесемін" ШҚО-да алаяқ 6 млн теңге жымқырып кетті

25.05.22, 17:25

Өскеменде қолөнершілер байқауы өтеді

25.05.22, 16:19

Өскеменде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізіледі

25.05.22, 15:31

Семейлік тұрғыннан бір келі марихуана тәркіленді

25.05.22, 15:01

«А.Л.Ж.И.Р» қойылымының актерларымен кездесу өтті - ШҚО

25.05.22, 14:51

28,2 млн теңге сомасына 23 грант берілді – ШҚО

25.05.22, 11:32

Өскеменде гараж өртенді

25.05.22, 11:09

ШҚО-да мемлекеттік грант кімдерге беріледі?

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: