"Елдіктің жеті тұғыры" – ертеңгі күнге нақты бағдар
29.11.2021 | 17.57
0
139
Бүгін «Nur Otan» партиясының ШҚО филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті.
Жиынға қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын талқылады.
– Елбасымыздың «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің отырысында еліміздің Тәуелсіздік алған 30 жылда атқарған жұмысына қорытынды жасай отырып елдіктің негізгі жеті қағидатын ұсынғанын өздеріңіз білесіздер. Бұл «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» сияқты бағдарламалық мақалалардың заңды жалғасы, – деді «Miras» аймақтық кеңесінің төрайымы Айгүл Байжанова.
Ал кеңес мүшесі, А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың директоры Бибігүл Шағиеваның айтуынша, Тәуелсіздік пен Елбасы егіз ұғым. Өйткені тұңғыш Президенттің оң саясатының арқасында еліміз әлем сахнасынан ойып тұрып орын алды деп есептейді ол.
Кеңестің тағы бір мүшесі, қалалық мәслихаттың депутаты, ақын, драматург Әскерхан Хуанбай:
– Елбасының қазақстандықтарға жолдаған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығы кешегі бабамыз Тәуке ханның жеті жарғысы іспеттес маңызы мен мәні зор дүние, – деп пікір білдірді.
Жалпы айтқанда жиынға қатысушылар бір ауыздан «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын қолдайтындықтарын жеткізді.
Комментарии (0)