Электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы маусымда аяқталады - Өскемен
23.05.2022 | 09.18
0
71
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар 20-шы және 21-ші шағын аудандарда болып, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Қазіргі уақытта аталмыш аудандарда ең өзекті мәселе - коммуникациялық инфрақұрылым. Жақын арада мұнда сумен жабдықтау жүйесіндегі тұрақты қысымды қамтамасыз ету үшін насос станциясының құрылысы басталады, - дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ маусым айында 21 ықшам ауданында электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша жобаны әзірлеу аяқталатын көрінеді. Ол жерлерде қазір автожолдарға қиыршық тас төгу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Кездесу барысында жеке сектор арқылы микроавтобус маршрутын іске қосу мәселесі де көтерілді. Бұл учаскені жолаушылар тасымалы орталығының мамандары зерттегеннен кейін сәйкес ұсыныстар берілетін болады.
Комментарии (0)