Шығыс Қазақстан облысы статистикалық көрсеткіштер кешенінің рейтинг кестесі жөніндегі аутсайдер-аймақтардың тізімі бойынша 11-орынға тап болыпты.
Облыс басшылығы «жағдай күрделі, жедел, кешенді түрдегі көмекке зәру» деген сипаттамамен түбегейлі келіспейді. Ал еліміздің аймақтарын сапқа тұрғызып, орын бөлуге бағытталған зерттеу, тіпті, орынсыз. Бұған олардың ресми цифрлармен бекітілген дерек-дәйектері жеткілікті.
Естеріңізге сала кетейік, бұқара-лық ақпарат құралдарында «Рей-тингKZ» агенттігі жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстанның аймақтарын статистикалық көрсет-кіштер кешені бойынша белгілі тәртіппен сапқа тұрғызу туралы мәліметтер пайда болды.
Талдау жасау үшін Қазақстан Рес-публикасының статистика жөніндегі агент-тігінің ресми сайтындағы жалпыға қолжетімді мәліметтер пайдаланылған.
Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы Елена Ясинская өңірлердің жұмысын бағалау әр мезгілдегі мәліметтер бойынша емес, жыл сайынғы салыстырмалы талдау, яғни, белгілі бір уақыт аралығындағы өсім көрсеткішінің ырғағы бойынша мақсатты түрде жүргізу қажеттігін атап айтты. Әр мезгілдегі мәліметтер бойынша зерттеу жүргізу өңірдің қазіргі уақыттағы нақты жағдайын бұрмалап көрсетеді.
Жүргізілген талдаудың нәтижесі бойынша аймақтардағы ағымдағы жағдай бағаланған, бұл – дұрыс емес. Сонымен қатар сапқа тұрғызу бойынша таңдалып алынған көрсеткіш әдісі де түсініксіз. Өңірдің өнеркәсіптік деңгейін бағалау үшін тұтастай өнеркәсіп өнімдерін шығару бойынша көрсеткіш қарастырылған. Ал ауыл шаруашылығын дамыту бо-йынша тек «мал етін өндіру және тірі құс» қана есепке алынған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі деген де ұқсас көрсеткіш бар.
– Жүргізілген талдау аймақтың табиғи, климаттық, экономикалық, қалыптасқан әлеуметтік инфрақұрылымы, тұрғындардың құрылымының ерекшелігін ескермеген, – дейді Елена Ясинская. Ол жалпы республикалық нормалар бойынша барлық көрсеткіштердің нақты картинасын көрсетіп берді.
Жекелей алғанда, облыс тұрғындарының әр адамына шаққанда жалпы өңірлік өнімі бойынша өңіріміз еліміздің аймақтарының арасында алтыншы орын алады. 2010 жылдың қорытындысы бойынша ЖАӨ көлемі 1 миллиардтан астам теңгені құрады немесе 2009 жылғы деңгейден 29% өсті.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру саласы бо-йынша көрсеткіш 2011 жылы өңірімізде 24,8%-ға артқан, бұл – республикалық көрсеткіштен 6,4 пайызға жоғары, яғни, 5-ші орында. Сонымен қатар облысымыздағы өңдеуші өнеркәсіптердің шығарған өнімі бо-йынша өңіріміз 4-орында, ал инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша 2-орынға табан тірейді. Мал өнімдерін шығару бойынша Шығыс Қазақстан облысы агенттіктің болжамы бойынша 4-орында емес, 3-орында.
Негізгі капиталға бөлінген инвестицияны игеру бойынша көрсеткіш те күмәнді. Яғни, 11-орын. 2011 жылы бұл индекс бойынша аймақ еліміздің өзге өңірлерімен салыстырғанда 1-орында тұр. Сонда айырмашылықтың 10 пункт екенін көруге болады.
Халықтың тұрмыс деңгейі бойынша аймағымыз 10-орында тұр. «Бұл жерде тек орташа айлық еңбекақыны ғана емес, оның өсімін де ескеру қажет-ақ, – дейді Елена Ясинская. – Сонымен қатар, орташа айлық еңбекақы өсімі бойынша еліміздің өзге өңірлерімен салыстыра қарағанда облыс екінші орынды алады».
Шығыс Қазақстан – туризмді өркендету жөнінен тек еліміздегі ғана емес, сондай-ақ, бүкіл әлемдегі ең бір тартымды өңірлердің бірі. Жоғары рекреациялық әлеуеттің болуы және облыстағы туристік инфрақұрылымның әртүрлілігі тұрғындардың туризмге және демалысқа деген қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Осыған орай аймақтарды көшпелі туризмнің деңгейі бойынша саралау (ішкі әлеуетті және туризмнің даму деңгейін есепке алмай) халықтың тұрмыс деңгейінің объективті көрсеткіші бола алмайды деп есептейміз.
Сондай-ақ, тұрғындардың өзін-өзі жұмыспен қамтуы бойынша 8-орынды аймақ басшылығы объективті емес деп санайды, себебі, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға шағын бизнес субъектілері болып саналатын өзінің жеке ісі бар жұмысшылар, яғни, жеке кәсіпкерлер де жатады. Осылайша, «Экономикалық сала» бөліміндегі шағын бизнес субъектілері қатарына енетін жеке кәсіпкерлер аймақтың даму қарқынын оң бағытта, ал «Халықтың тұрмыс деңгейі» бөлімінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар ретінде теріс бағытта сипаттайды. Осыған байланысты аймақтарды «Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындар» көрсеткіші бо-йынша саралау объективті емес. Халықтың тұрмыс деңгейінің барынша объективті көрсеткіші – жұмыссыздық көрсеткіші. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылғы жұмыссыздық деңгейі бойынша Шығыс Қазақстан 5,2 пайыз көрсеткішпен ел аймақтары арасында 4-5-орындарды иеленеді.
Облыс басшылығы тек кейбір пункттер бо-йынша ғана аймақтың әлсіз тұстарын мойындайды. Халықтың табиғи өсіміне қарамастан, көші-қон мәселесі расында да бар және ол жағдай өзгермей отыр. Сонымен қатар, аймақта қылмыстық жағдайды тұрақтандыру бойынша және онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім деңгейін төмендету бо-йынша шаралар қолданылуда. Дей тұрғанмен, мұнда да көптеген медициналық емес факторлардың әсерін ескерген жөн, олар: Семей ядролық полигонындағы сынақтардың, өткен ғасырдың 80-ші жылдарындағы бериллий өндірісіндегі апаттың салдарлары, аурудың жасырын түрде өрбуі, науқастардың медициналық көмекке кеш жүгінуі.
Жалпы айтқанда, зерттеулерді жүргізетін мамандардың біліктілігі күмән туғызады. Бірақ, оларға баға беру – біздің шаруа емес. Алайда, ресми деректер Шығыс Қазақстанның көптеген факторлар бойынша еліміздегі ең үздік өңірлердің бестігіне енетінін көрсетеді және «РейтингKZ» агенттігі берген сипаттаманы ескерсек, біздің көрсеткіштер «жақсы» деп бағаланады.
Комментарии (0)