Ермек қажы Мұқатай: Имамның сөзі де, ісі де өнегеге тұнып тұруы керек

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Сұхбат

Ермек қажы Мұқатай: Имамның сөзі де, ісі де өнегеге тұнып тұруы керек

0

7084

Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде еліміздің рухани өміріндегі, оның ішінде, дін саласындағы оң өзгерістер, бүгінгі имамдардың келбеті мен қызметі, зайырлылық сияқты басқа да мәселелер хақында бізге  ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай айтып берді.

 

– Он екі айдың сұлтаны қасиетті Рамазан айы да келіп жетті. Бұл айда еліміздің, облысымыздың дін саласында қандай жұмыстар атқарылады? Қысқаша тоқтала кетсеңіз.

– «Рамазан такси» жобасын қолға алдық. Жоба аясында діни қызметкерлер жамағатқа тегін қызмет көрсетіп, тарауих намазына келетін адамдарды ақысыз тасымалдайтын болады. Бұдан бөлек біз қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастырамыз. Мәселен, өткен жылы 200 көпбалалы отбасына көмек көрсеттік. Ал ағымдағы жыл басынан бері 300-ге жуық көпбалалы отбасыға қол ұшын бердік. Бұдан бөлек «Бауырыңа өмір сыйла», «Шығыстың асары», «Мектепке жол» сынды акцияларды ұйымдастырып, мұқтаж жандарға қарайластық. Оған кәсіпкерлер де демеушілік көрсетті. Сондай-ақ «Шығыс асары» жобасы аясында Алтай, Ұлан, Глубокое аудандары мен Өскемендегі Согра кентінің тұрғындарына  азық-түлік пен басқа да қажетті заттарды алып бердік. Сөйтіп, жиыны 525 отбасыға демеушілік көрсеттік. Бұдан бөлек 63 қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, одан түскен қаражатты мұқтаж отбасыларға табыс еттік. Сондай-ақ «Мектепке жол» акциясы аясында 424 тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға қажетті оқу құрал-жабдықтарын сатып әпердік. Осы орайда, біз қайырымдылық шаралары барысында көпбалалы отбасыларға баса назар аударуға тырысатынымызды атап өткен орынды.

–             Кәсіпкерлер жәрдем беруге дайын дедіңіз. Мысалы...

– Аллаға тәубе, жомарт жандар бар. «Еңбекақысын төлейік, астына мәшинесін алып берейік. Баспана жағынан көмектесейік» деп ұсыныс білдірген кәсіпкерлер аз да болса табылады. Олардың көбісі – өздері салғызған мешіттеріне имам іздеген азаматтар.

–             Имам демекші, қазір облыстағы дін жолында жүрген азаматтарға білім беру мәселесі қалай шешілуде?

– Мешіт кітапханасының қорында үш мыңнан астам кітап бар. Атап айтсақ, мұнда 46 томдық Ислам энциклопедиясының бірегей басылымы мен 200 жылдық тариxы бар қасиетті Құран мен шариғат ілімін насиxаттайтын кітаптар сақталған. Түптеп келгенде, мұның бәрі облыс халқының діни сауаттылығын арттыру мақсатында жасақталған қор екенін атап өткен орынды. Жалпы біз имамдардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен үш айлық курстарды ұйымдастырып тұрамыз. 2017 жылдан бастап «Халифа Алтай» облыстық мешітінде өңір имамдарына «Ислам және дінтану негіздері» бойынша дәрістер өткізіледі. Сондай-ақ оған қатысушылар еліміздің Конституциясы мен негізгі заңдарын да оқиды. Мұндағы басты мақсат – имамдардың діни және құқықтық сауатын арттыру. Айта кетейік, 2017 жылы үш ай ішінде 162 имам біліктілігін арттыру курсынан өтсе, 2018 жылы теріс діни ағымдардың белсенділігі жоғары өңірлерден 69 имам білімін шыңдап, оқуын жалғастырды. Бұл мақсатта «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, республиканың жетекші теологтары, өңірдің жоғары оқу орындарымен меморандумдар жасалды. Арнайы курстарды Қайрат Құрманбаев («Нұр Мүбарак» университетінің проректоры, дінтанудан PhD докторы), Мұқан Исахан (теолог, дінтанудан PhD докторы), Асқар Әкімханов, Мұхиддин Исаұлы («Нұр Мүбарак» университетінің оқытушылары, PhD докторлар) және басқа дінтанушылар мен психологтар жүргізді. Қазіргі уақытта облыстық дін істері басқармасы «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің түлектерін облыс аумағындағы имамдармен және теологтармен жұмыс істеуге тартуда. Ағымдағы жылы университетті бітіретін  алты түлекті тарту, сондай-ақ осы университетке алты студенттің түсуі үшін қосымша гранттар бөлу жоспарланып отыр.

–             Ислам мәдениеті мұражайы ашылады екен. Сол жөнінде  айтып берсеңіз...

– Алдағы уақытта мешітте еліміздегі Ислам дінінің шығуы мен даму тарихынан сыр шертетін мұражай ашу жоспарланып отыр. Жоспарға сәйкес мұражай үш блоктан тұрмақ. Онда қазақ, орыс және араб тілдерінде жазылған электронды Құран кітабы қойылады. Сондай-ақ басқа жәдігерлер келушілердің назарына ұсынылмақ.

– Бүгінде облыс көлемінде ислам дініне бет бұрған халықтың қарасы көбейіп келеді...

– Иә, облыстағы мешіттерге ай сайын 70 мыңға жуық адам барады. Біздің басты мақсатымыз – деструктивті ағымдар мен экстремизмнің алдын алып, дәстүрлі ислам дінін насихаттап, келушілермен зайырлы сипатта сұхбат жүргізу.

– Бүгінгі имамдардың келбеті қандай болуы керек?

– Имам – халыққа қызмет атқарушы рухани ұстаз. Ол басқа адамдарға үлгі көрсетуі тиіс. Сол себептен имамның сөзі де, ісі де өнегеге тұнып тұруы керек. Имамдарымыз халықтың жүрегіне жол тауып, рухани тәжіне айналуы тиіс. Сонда береке-бірлігіміз мығым ел боламыз.

– Әңгімеңізге рахмет!

 

 

 

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 17:27

Елбасы бастаған бітімгерлік миссия

Бүгін, 17:21

Зайсанда сабын цехі бар

Бүгін, 17:19

Көшеде жол полициясы неге қаптап жүр? (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Бүгін, 15:56

Қасым Қайсенов ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Бүгін, 15:09

QazVac өңірлерге жеткізіле бастады

Бүгін, 15:03

Сенбі күні Өскеменге екі бірдей ауданнан жәрмеңке келеді

Бүгін, 14:49

Қазақстанда күн жылынады

Бүгін, 13:36

Қоғамдық орында жасөспірім қыздың телефонын ұрлап кетті – Өскемен

Бүгін, 12:17

Өскемен тұрғыны пекинес тұқымды итті ұрлап кеткен

Бүгін, 12:02

Семейде күн сайын "свет" өшетін болды

Бүгін, 10:54

"Суицид көбейеді". Семей тұрғыны неліктен әкімнің жалақысын сұрады?

Бүгін, 10:01

Алакөлдің шығыс жағалауына енді немен барамыз?

Бүгін, 09:34

"ҚазАвтоЖолға" жаңа басшы тағайындалды

Бүгін, 09:12

COVID-19 пневмониясы: Бір тәулікте 107 жағдай тіркелді

22.04.21, 18:07

Аягөз ауданының 47 елді мекені ауызсумен қамтамасыз етіледі

22.04.21, 17:45

Демалыс күндері «қызыл аймақтағы» қалаларда қандай нысандар жұмыс істемейді? - ШҚО

22.04.21, 16:42

Саратс – Елбасының ерен ерлігі

22.04.21, 15:46

Ішіп алып көлік жүргізгендер жауапқа тартылды – ШҚО

22.04.21, 15:14

Аягөз ауданында 27 көше жарықтандырылады

22.04.21, 14:48

Коронавирус пен пневмониядан тағы 28 адам көз жұмды

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

Бүгін, 17:27

Елбасы бастаған бітімгерлік миссия

Бүгін, 17:21

Зайсанда сабын цехі бар

Бүгін, 17:19

Көшеде жол полициясы неге қаптап жүр? (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Бүгін, 15:56

Қасым Қайсенов ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Бүгін, 15:09

QazVac өңірлерге жеткізіле бастады

Бүгін, 15:03

Сенбі күні Өскеменге екі бірдей ауданнан жәрмеңке келеді

Бүгін, 14:49

Қазақстанда күн жылынады

Бүгін, 13:36

Қоғамдық орында жасөспірім қыздың телефонын ұрлап кетті – Өскемен

Бүгін, 12:17

Өскемен тұрғыны пекинес тұқымды итті ұрлап кеткен

Бүгін, 12:02

Семейде күн сайын "свет" өшетін болды

Бүгін, 10:54

"Суицид көбейеді". Семей тұрғыны неліктен әкімнің жалақысын сұрады?

Бүгін, 10:01

Алакөлдің шығыс жағалауына енді немен барамыз?

Бүгін, 09:34

"ҚазАвтоЖолға" жаңа басшы тағайындалды

Бүгін, 09:12

COVID-19 пневмониясы: Бір тәулікте 107 жағдай тіркелді

22.04.21, 18:07

Аягөз ауданының 47 елді мекені ауызсумен қамтамасыз етіледі

22.04.21, 17:45

Демалыс күндері «қызыл аймақтағы» қалаларда қандай нысандар жұмыс істемейді? - ШҚО

22.04.21, 16:42

Саратс – Елбасының ерен ерлігі

22.04.21, 15:46

Ішіп алып көлік жүргізгендер жауапқа тартылды – ШҚО

22.04.21, 15:14

Аягөз ауданында 27 көше жарықтандырылады

22.04.21, 14:48

Коронавирус пен пневмониядан тағы 28 адам көз жұмды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: