Г. Пуссеп: "Мемлекетті дамытуда қоғамның рөлін күшейеді"
23.05.2022 | 11.18
0
67
Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Геннадий Пуссеп алдағы референдумға қатысты пікір білдірді.
«Алдағы референдум – айтулы оқиға. Біз қоғам белсендісі ретінде халықтың пікірін жақсы білеміз, әрбір азамат орындауға тиіс жауапкершілікті жақсы түсінеміз. Түзетулер мен толықтырулар туралы айтатын болсақ, Мемлекет басшысының кейбір функциялары мен өкілеттіктерінің бір бөлігі Парламентке өтетіні өте жағымды жаңалық. Президенттің екі мерзімнен артық қызмет атқармауы да қазіргі демократиялық үрдістерге сәйкес келеді. Түзетулерді тұтас алып қарасақ, қоғамдық ұйымдардың рөлі, қоғамның дамуындағы халық қалаулыларының рөлі айтарлықтай артады деген қорытынды жасауға болады. Мен тұрғындардың ұсыныстарды мұқият талдап, референдумға белсене қатысқанын қалаймын, – деді Геннадий Пуссеп.
Комментарии (0)