Глубокое ауданында 1000-нан астам балаға әлеуметтік көмек берілді
24.11.2021 | 14.55
0
35
Глубокое ауданының басшылығы өскелең ұрпаққа жан-жақты қолдау көрсетуде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аудан әкімі Тамара Рахымжанованың айтуынша, үш жастан алты жасқа дейінгі барлық бала мектепте тәрбие-білім алады. Биыл барлық білім беру мекемелерінде дабыл түймелері орнатылыпты. Сондай-ақ Ы.Алтынсарин атындағы және О.Бөкей атындағы екі мектептің кіреберісіне турникеттер орнатылған.
– Көп балалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау аясында 1054 оқушыға мектеп формасы мен аяқ киім сатып алып бердік. Барлық мектепте оқушыларға ыстық тамақ беріледі. 1054 оқушы тегін тамақтанады. Бұл аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан және жетім балалар, – деп түсіндірді Тамара Рахымжанова.
Комментарии (0)