Глубокое ауданында ауыл шаруашылық саласы қарқынды дамып келеді
24.11.2021 | 14.04
0
52
Глубокое ауданында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына баса назар аударыла бастады. Бұл туралы аудан әкімі Тамара Рахымжанова айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ағымдағы жылы Глубокое ауданы
ауыл шаруашылығын дамытуда көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Көрсеткіштер өткен жылғы нәтижелерден қарағандай әлдеқайда жоғарылаған.
- Осы жылды ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 140% - ға артты. Аудандағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 105 мың гектардан асты, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен үш мың гектарға артық. Шаруашылықтардың барлық санаттарында мал мен құстың барлық түрлерінің етін өндіру көлемі 4,1% – ға, сүт-3,1% - ға және жұмыртқа-2,1% - ға ұлғайды, - деді Тамара Рахымжанова.
Сондай-ақ, аудан әкімінің айтуынша, қазір онда ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен бірнеше ірі жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, "Алтын Шығыс" ЖШС, "ОХМК" ЖШС, "Убинка XXI" ЖШС және "Фаражев"ШҚ фирмаларымен ынтымақтастықтың жемісін келесі жылы көруді жоспарлап отыр.
Комментарии (0)