Глубокое ауданында көше жарығы тартылып, жолдар жөнделуде
20.09.2021 | 10.58
0
59
Глубокое ауданына қарасты Тарханка ауылында бірнеше көшеге жарық орнатылып, ауылішілік жолдар жөнделіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Көше жарығы ауылдағы ең ұзын деген Степная, Центральный тұйық көшесі және Советская көшелерінде орнатылмақ. Казіргі таңда 133 жарық нүктелері дайын тұр.
- Бұл жобаның жалпы соммасы 30 миллион теңгені құрайды. Жұмыстар осы аптаның соңында бітеді деп жоспарланып отыр. Келесі аптадан бастап ауыл көшелерінде жарық қосылатын болады, - дейді Рулан Адайханов.
Сондай-ақ ауылда 99 млн. 374 мың 240 теңгеге "Глубокое ауданы Тарханка ауылының көшелерін орташа жөндеу" жобасы жүзеге асырылған.
- Аталған жобамен Мехнин, Иванов, Школьная, Советская және Центральный көшелерінің жөндеуі жүргізілді. Асфальттаумен қамтылған көшелердің жалпы ұзындығы 7.5 км құрайды, - деп түсіндірді Рулан Адайханов.
Айта кету керек, жоғарыда айтылған жұмыстардың барлығы “Ауыл - Ел бесігі” жобасы аясында қолға алынған.
Комментарии (0)