Глубокое ауданында облыстық келіндер байқауы өтіп жатыр
12.05.2022 | 14.05
0
68
Бүгін Глубокое ауданында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін облыстық келіндер байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Биыл 9-шы жыл өтіп жатқан сайысқа облыстың түкпір-түкпірінен 16 келін жиналған.
Айта кету керек, осы уақытқа дейін барлық аудандар мен қалаларда аудандық келіндер байқауы ұйымдастырылған болатын. Сол байқауда топ жарып, үздіктер қаратынан көрінген келіндер облыстық байқауға жолдама алған.
Биылғы сайыстың бірден бір ерекшелігі – «Достық үйінің» ашылғанына 30 жыл толуына орай өзге ұлт өкілдері де қазақтың келіндерімен қатар тұрып, қазанда бауырсақ пісіріп, самаурында шай қайнатпақ.ч
Комментарии (0)