Головкин: карьерамды аяқтауға әлі дайын емеспін
01.07.2022 | 10.36
0
43
"Сіз 40 жастасыз. Қай уақытқа дейін жұдырықтасуды жалғастырасыз? Егер сіз жеңсеңіз ("Канеломен" үшінші жекпе-жекте - автор), GGG тоқтауы мүмкін бе?",- деп сұрады TMZ-ге тілшісі.
"Ешкім білмейді... Жоқ деген дұрыс шығар. Мен әлі дайын емеспін",- деп жауап берді Головкин.
Еске салсақ, 17 қыркүйекте Лас-Вегаста GGG мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы үшінші жекпе-жек өткізеді. Головкин екінші орта салмаққа көтеріледі, ал "Канело" абсолютті әлем чемпионы атағын ортаға салады.
Алғашқы екі жекпе-жектің нәтижесі: 2017 жылдың қыркүйегінде жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды. Бір жылдан кейін мексикалық жеңіске жетті.
Комментарии (0)