Көкпектіде республикалық айтыс өтеді - ШҚО
20.01.2021 | 17.06
0
199
Көкпекті ауданында республикалық айтыс өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасов:
– Сәтін салса, биылғы жылдың сәуір айында еліміздегі ахуал шегі тұрақталса, былтыр ғана ортамыздан ұзаған, ауданымыздағы аяулы азаматтардың бірі Дүйсембаев Қайратты еске алуға арналған «Елін сүйген ерлер бар...» атты республикалық айтыс өтеді. Бауыржан Рапеков бастаған марқұмның достары айтыстың бас жүлдесіне су жаңа автокөлік тігуге шешім қабылдады, – деп жазды Facebook-те.
Аудан басшысының жазуына қарағанда, айтысқа Ринат Зайытов, Аспанбек Шұғатаев, Дидар Қамиев, Рүстем Қайыртайұлы, Жансая Мусина, Серік Қуанған сияқты елге танымал ақындар қатысады.
Комментарии (0)