Көл байлығы көздің қарашығындай қорғалады - ШҚО

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Мақалалар

Көл байлығы көздің қарашығындай қорғалады - ШҚО

0

72

Балықтың 25 түрі мекендейтін Шығыс Қазақстандағы су қоймалары еліміздегі балық шаруашылығын дамытудың негізгі базасы болып табылады. Осы себепті, көктемгі уылдырық шашу мезгілінде өңірдегі су айдындары қатаң бақылауға алынып, көл байлығы көздің қарашығындай қорғалады.

Биыл да жыл сайынғы шаралар дәстүрлі түрде жалғасын тауып, ерте көктемде басталып, жаз ортасына дейін созылатын көктемгі уылдырық шашу кезеңі қатаң бақыланды. Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілдері үстіміздегі жылы да аталмыш бағыттағы жұмыстарды жүргізу барысында заңбұзушылықтардың болғанын атап өтті.


– Біздің инспекция Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстары әкімшілік шекараларының аумағындағы Ертіс бассейнінің су қоймаларындағы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану аясында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады, – дейді Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Талғат Рахымжанов. – Биыл жыл басынан бері балық қорғау іс-шараларын өткізу барысында Инспекция бақылауындағы аумақтарда инспекторлық құраммен 500 әкімшілік құжаттар толтырылды. Ішкі істер қызметкерлерімен бірлесіп алты қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз балық аулаудың әрбір фактісі бойынша мемлекетке келтірілген зиян жүз айлық есептік көорсеткішті құрады.


Инспекция өкілінің хабарлауынша, құқықбұзушыларға жеті миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынып, 11 миллион теңге сомасында заңбұзушылықпен келтірілген залалды өтеу туралы талап-арыз берілген көрінеді. Жалпы, заң талаптарын орындамаған азаматтардан екі тоннаға жуық балық, 259 аулау құралдары, 125 ау, жеті қайық, екі монтаждаушы құрал тәркіленген. Ал көктемгі уылдырық шашу мерзімінде уылдырық шашатын орындар ерекше бақылауға алынды. Ол жерлердің көп жағдайда қамыс қопасының арасы екенін алға тартқан инспекция мамандары кейбір кездері браконьерлер мен олардың құрып қойған аулау құралдарын көру мүмкін болмай қалатынын айтады. Дей тұрғанмен, бақылауды күшейткен мамандар биылғы көктемгі уылдырық шашу маусымында да бірқатар заңбұзушылықты тіркеген. Бірақ, олардың барлығы дерлік балық қорын қасақана азайтуға бағытталған деп айтуға келмес. Өйткені, кейбір хаттамалар тұрғындардың кеме жүзу режимін бұзғаны және суқойманы ластағаны үшін толтырылған. Жалпы, биылғы көктемгі уылдырық шашу маусымында салынған тыйымды елемеген азаматтарға қатысты 140-тан астам әкімшілік хаттама толтырылып, екі қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушыларға жалпы сомасы 2,8 млн теңгеден астам сомада айыппұл салынып, 3,9 млн теңгеден астам мөлшерде мемлекетке келтірілген шығынды өтеуге қатысты талап-арыздар берілген.

 

Негізгі база болып табылады

Бүгінгі күні Ертіс су бассейні еліміздегі шамасы жағынан балық шаруашылығы суқоймаларының ішіндегі үшінші бассейн саналады. Сол себепті балық шаруашылығы аймақтың азық-түлік кешенін дамытуда басты рөл атқарады. Зайсан көлі, Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі, Екібастұз суқоймалары, Ертіс өзені, Қаныш Сәтпаев каналының гидрожүйелері, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы жергілікті маңызы бар 97 су айдыны мен Павлодар облысындағы 215 балық шаруашылықтары балық шаруашылығын дамытудың негізгі базасы болып табылады.

– Инспекция бақылауындағы халықаралық және республикалық маңызы бар суқоймаларда балықтың 25 түрі мекендесе, оның көксерке, алабұға, мөңке, сазан, көкшұбар, тұқы және басқа да он бір түрі кәсіптік аулаға жатқызылған балық түрлері болып келеді, – дейді Талғат Рахымжанов. – Оларды жыл сайынғы аулау бекітілген шектеулер негізінде жүзеге асырылады. Атап айтсам, жыл сайынғы балық аулау шегі он мың тоннаға жуықтайды. Өткен жылы жеке Балық шаруашылығы комитеті құрылып, осы салаға деген көзқарас жақсарды. Сәуір айында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған он жылдық бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарламаға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы 2030-шы жылға қарай 9774 тонна балық өсіруді жоспарлап отыр. Бағдарламаның индикаторларына қол жеткізу үшін Бұқтырма суқоймасында торлы балық өсіруге арналған жеті учаскені бекіту жоспарлануда. Бүгінгі күні оның үшеуі балық өсіремін деген кәсіпкерлерге бекітіліп беріліп, оларда форель балығы өсірілуде.

Сонымен қатар, балықтың тұқы (карп) тұқымын өсіруге бағытталған 13 жергілікті маңызы бар суқоймалар тауарлы балық өсіретін шаруашылықтарға бекітілген. Ал бір шаруашылық бекіре тұқымды балық өсірумен айналысуда. Инспекция басшылығының ақпаратына сүйенсек, алдыңғы жылы өсірілетін балық көлемі 480 тонаны, ал былтыр 1297 тоннаны құраса, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында 726 тонналық межеге жетіп жығылған.

 

Қызығушылық артып келеді

Аталған көрсеткіштерден өңірдегі балық өсіру шараларының жеделдеп, осы салаға деген өңір кәсіпкерлерінің қызығушылығының артып келе жатқанын байқауымызға болады. Жалпы, бүгінде бұл бағытта жақсы жетістікке жеткен Қытай және Норвегия елдері өз тұрғындарын балық етімен қалыпты деңгейде қамтамасыз етіп отыр. Мамандардың айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымына сәйкес, бір адам жылына 14 келі балық етін тұтынуы қажет көрінеді. Ал біздің елде, бұл мөлшер төрт келіден аспайды. Сол себепті, бүгінгі күні біздің елде балық өсіретін көлшіктердің, осы жұмыстарды атқаратын шаруашылықтардың санын арттыру міндеті тұр. Ал, әрбір тұрғынның 14 келі балық тұтынуына қол жеткізу үшін республика көлемінде жылына 600 мың тонна балық өсірілуі қажет. Қазіргі күні ел аумағында бар-жоғы тоғыз мың тонна ғана балық өсіріледі. Он жылдық жаңа бағдарлама бойынша 2030 жылға қарай балық өсіру лимитін ел бойынша 270 мың тоннаға жеткізу жоспарланған.

Ал республикалық бағдарлама негізінде құрылған аумақтық бағдарламаға экономикалық және ғылыми жағынан да негізделген. Ел билігі де соңғы жылдары балық аулаудан гөрі, өсіруге көбірек көңіл бөліп, аквамәдениетті дамытуға субсидия шараларын қарастырған. Атап айтсақ, былтырдан бастап Үкімет балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың түрлі құрылғылар сатып алудағы шығындарының 50 пайызын өтеуді өз мойнына алған. Сонымен қатар, балықтың жемін сатып алуда 30 пайыздық жеңілдік беретін субсидиялау түрі де қарастырылған. Бұдан бөлек, балық тұқымын көбейтуге байланысты аналық және аталық бастарын алуға - 50, балық шабақтарын өсіруге - 50, балық өсірудің ғылыми негіздемесін дайындау шығындарын жабуға - 50, балық өсіруде қолданатын дәрі-дәрмек шығындарын жабуға - 50 пайыздық жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жеңілдіктер елімізде бұрын алты түрлі балыққа беріліп келсе, бұдан былай сегіз түрін өсіруге берілетін болды.

 

Балықтандыру - басты міндет

Балық қорын молайту негізінен өзен-көлдерді балықтандыру шаралары арқылы жүзеге асатыны бесенеден белгілі. Осы бағытта да жұмыс қарқынын арттырған облысаралық инспекция қазіргі уақытта Зайсан-Ертіс бассейнінің Шүлбі және Бұқтырма суқоймаларын ақбалық түрлерінің личинкаларымен балықтандыру жұмыстарын жүргізуде.

Атап айтсақ, биыл жыл басынан бергі уақыт аралығында Шүлбі суқоймасына 17,1 миллионнан, ал Бұқтырма суқоймасына 13 миллионнан астам ақбалық личинкалары жіберілді. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласын дамыту жоспары бойынша Бұқтырма және Шүлбі суқоймаларына алты миллионнан астам көкшұбар балығының личинкаларымен балықтандырылды. Бұл жұмыстарға өңірдегі «Кузмич», «Көкпекті Аквакультура», «ШығысБалық», «Қараөткел», «Серік» сынды шаруашылықтар бір адамдай атсалысты.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 18:05

"Қазақстан халқына" қоры білім беру грантының санын көбейтті

Бүгін, 17:28

Өскеменде № 1 емхананың жаңа филиалы ашылады

Бүгін, 16:40

Жергілікті атқарушы органдар грантына құжат қабылдау жүріп жатыр

Бүгін, 16:11

Күршімдегі қорғаннан ерекше жәдігер табылды

Бүгін, 15:46

Өскеменде жастарға арналған би кеші өтеді

Бүгін, 15:27

Қазақстанда балаларды 7 жастан бастап коронавирусқа қарсы егу мәселесі қарастырылуда

Бүгін, 14:22

Елімізде қант жыл басынан бері 86,6% қымбаттады

Бүгін, 13:09

ШҚО-да жолдарды дұрыс күтіп ұстамаған 15 лауазымды тұлға жазаланды

Бүгін, 12:31

Қоғам белсенділері Өскемен әкімдігін сотқа берді

Бүгін, 12:00

Бүгін - Халықаралық жастар күні

Бүгін, 11:41

ШҚО-да 5 жасар баланы кинолог құтқарып қалды

Бүгін, 11:20

Перзентхана жұмысы қайта жанданады - Өскемен

Бүгін, 10:23

«AMANAT» партиясы қаладағы бір қатар мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.

Бүгін, 10:14

"Қазақстан халқына" қоры есебінен 2 мыңнан аса студент білім алады

Бүгін, 09:31

Қазақстанда баспана кезегінде тұрғандар саны 7 жылда екі есе көбейген

Бүгін, 09:09

Бір тәулікте коронавирустың 1 643 жағдайы анықталды

11.08.22, 20:08

Ұлы Абайдың туған күні ақынның туған жерінде кеңінен аталып өтті

11.08.22, 17:48

Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балалары енді элиталық мектептерде оқи алады

11.08.22, 17:09

ШҚО-да қарттар үйіне тиесілі 7,4 миллион теңгені жымқырған

11.08.22, 16:57

Министрлік оқу жылы 15 қыркүйекте басталатыны туралы ақпаратты жоққа шығарады

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 18:05

"Қазақстан халқына" қоры білім беру грантының санын көбейтті

Бүгін, 17:28

Өскеменде № 1 емхананың жаңа филиалы ашылады

Бүгін, 16:40

Жергілікті атқарушы органдар грантына құжат қабылдау жүріп жатыр

Бүгін, 16:11

Күршімдегі қорғаннан ерекше жәдігер табылды

Бүгін, 15:46

Өскеменде жастарға арналған би кеші өтеді

Бүгін, 15:27

Қазақстанда балаларды 7 жастан бастап коронавирусқа қарсы егу мәселесі қарастырылуда

Бүгін, 14:22

Елімізде қант жыл басынан бері 86,6% қымбаттады

Бүгін, 13:09

ШҚО-да жолдарды дұрыс күтіп ұстамаған 15 лауазымды тұлға жазаланды

Бүгін, 12:31

Қоғам белсенділері Өскемен әкімдігін сотқа берді

Бүгін, 12:00

Бүгін - Халықаралық жастар күні

Бүгін, 11:41

ШҚО-да 5 жасар баланы кинолог құтқарып қалды

Бүгін, 11:20

Перзентхана жұмысы қайта жанданады - Өскемен

Бүгін, 10:23

«AMANAT» партиясы қаладағы бір қатар мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.

Бүгін, 10:14

"Қазақстан халқына" қоры есебінен 2 мыңнан аса студент білім алады

Бүгін, 09:31

Қазақстанда баспана кезегінде тұрғандар саны 7 жылда екі есе көбейген

Бүгін, 09:09

Бір тәулікте коронавирустың 1 643 жағдайы анықталды

11.08.22, 20:08

Ұлы Абайдың туған күні ақынның туған жерінде кеңінен аталып өтті

11.08.22, 17:48

Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балалары енді элиталық мектептерде оқи алады

11.08.22, 17:09

ШҚО-да қарттар үйіне тиесілі 7,4 миллион теңгені жымқырған

11.08.22, 16:57

Министрлік оқу жылы 15 қыркүйекте басталатыны туралы ақпаратты жоққа шығарады

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: