Күршім ауданында тағы бір балықшы суға кетті
15.11.2021 | 10.51
0
66
Кеше Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасында екі ер адам мұз астына түсіп кетіп, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Белгілі болғандай, 1974 және 1971 жылғы екі ер адам балық аулауға аттанған. Су бетіне шыққанда мұз жарылып кеткен көрінеді. 1974 жылғы азамат судан шығып үлгерсе, жанындағы серігі суға батып кеткен.
Оқиға орнына дереу келген ТЖ қызметкерлері ер адамның денесін судан алып шықты.
Балықшылар құтқару кеудешелерін кимей, мұзға шыққан.
Комментарии (0)