Көшелерді кеңейту жұмыстары жалғасады – Өскемен
18.01.2021 | 16.18
0
187
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар кейбір көшелердің кеңейтілуі жайлы жоспармен бөлісті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Карбышев көшесі айналма жолдан Гагарин Бульварына дейін кеңейтіледі. Белинский көшесі Н.Назарбаев даңғылынан Бажов көшесіне дейін төртжолақты болмақ.
Алайда, өкінішке орай соңғы жолдарды кеңейту үшін жасыл желектерді алып тастауға тура келеді.
- Белинский көшесін төрт жолақты етіп кеңейту үшін тротуарға дейін барлығын алып тастау керек, - дейді Жақсылық Омар. – Онымен жобалаушылар жұмыс істейді. Тағы бір қиындық, бұл жерде желілер орналасқан. Жылу желілерінің жұмысы 2022 жылға жоспарланған болатын, бірақ біз биылғы жылы барлығын бірге аяқтауға тырысамыз.
Комментарии (0)