Көшкін жүру қаупі бар аймақтар белгілі болды - ШҚО
24.11.2021 | 15.33
0
28
ШҚО-да 15 қарашадан бастап көшкін қаупі бар кезең басталды. ТЖ қызметкерлері ағымдағы жылы облыстың қай аймақтарында қар көшіні қаупі бар екендігін атады, - деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сүйенсек, биылғы жылы «Өскемен-Самар», «Өскемен — Алтай», «Өскемен-Таулы Үлбі — Северное», «Катонқарағай-Согорное», «Катонқарағай — Рахман қайнарлары» автожолдарының бойындағы беткейлер және Зубовск тауында (Алтай ауданының Зубовск кенті) қауіп жоғары.
- Қазір таулы жерлердегі қар жамылғысының биіктігі 10-нан 70 сантиметрге дейін жетеді. Ал биылғы жылы ең қалың қар Өскемен-Самар тас жолының бойындағы көшкін қаупі бар беткейлерде жиналған, - дейді ШҚО ТЖД өкілі Алексей Штыкель.
Комментарии (0)