Кәсіпкерлікті қолдау картасы жобаларының тізбесі - ШҚО
19.01.2022 | 19.28
0
16
ШҚО-дағы 2021 жылға арналған Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында пайдалануға берілген нысандар және аяқталуға шақ қалған жобалардың тізбегін ұсынамыз.
Пайдалануға берілді:
1. «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС – қолданыстағы сульфидті фабриканы қайталау арқылы Ақтоғай КБК-нің қайта өңдеу қуатын кеңейту. Құны – 396,0 млрд. теңге. Жұмыс орны – 700 (2021 жылдың қазан айында пайдалануға берілген);
2. «QazaqАstyqGroup» ЖШС – өсімдік майын өндіру бойынша майэкстракциялық зауыт құрылысы. Құны – 7,9 млрд. теңге. Жұмыс орны – 240 (2021 жылдың маусым айында пайдалануға берілген);
3. «Шәріпова Ш.Н.» ЖК – нан, жаңа піскен ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, торттар мен тәтті тоқаштар өндіретін наубайхана құрылысы. Құны – 32 млн. теңге. Жұмыс орны – 11 (2021 жылдың тамыз айында пайдалануға берілген);
4. «ARNNA MINERALS» ЖШС-нің «Артезиан ауызсуын (газдалған және газсыз) және алкогольсіз газдалған сусындарды өндіру жөніндегі кәсіпорынды ұйымдастыру». Құны – 1,7 млрд. теңге. Жұмыс орны – 57 (2021 жылдың қазан айында пайдалануға берілген);
5. «Eastern Gold» ЖШС – «Родниковое» кен орнын әзірлеу үшін алтын шығару фабрикасының құрылысы. Құны – 0,8 млрд. теңге. Жұмыс орны – 55 (2021 жылдың қазан айында пайдалануға берілген);
6. «Шар Жел» ЖШС – Жарма ауданы, Жаңғызтөбе кентінің маңында қуаттылығы 4,95 МВт жел электр станциясының құрылысы. Құны – 2,3 млрд. теңге. Жұмыс орны – 8 (2021 жылы желтоқсанда пайдалануға берілген);
7. «DES Consulting» ЖШС – Жарма ауданындағы Жаңғызтөбе кентінің маңында қуаты 4,95 МВт жел электр станциясының құрылысы. Құны – 1,0 млрд. теңге. Жұмыс орны – 8 (2021 жылы желтоқсанда пайдалануға берілген);
8. «East Wind Energy» ЖШС – Жарма ауданындағы Жаңғызтөбе кентінің маңында қуаты 4,95 МВт жел электр станциясының құрылысы. Құны – 1,0 млрд. теңге. Жұмыс орны – 8 (2021 жылы желтоқсанда пайдалануға берілген);
9. «Ventum Energy» ЖШС – Жарма ауданындағы Жаңғызтөбе кентінің маңында қуаты 4,95 МВт жел электр станциясының құрылысы. Құны – 1,0 млрд. теңге. Жұмыс орны – 8 (2021 жылы желтоқсанда пайдалануға берілген);
10. «Винд Чарск» ЖШС – Жарма ауданындағы Жаңғызтөбе кентінің маңында қуаттылығы 4,95 МВт жел электр станциясының құрылысы. Құны – 1,0 млрд. теңге. Жұмыс орны – 8 (2021 жылы желтоқсанда пайдалануға берілген);
11. «ВЭС Чарск» ЖШС – Жарма ауданындағы Жаңғызтөбе кентінің маңында қуаты 4,95 МВт жел электр станциясының құрылысы. Құны – 1,0 млрд. теңге. Жұмыс орны – 8 (2021 жылы желтоқсанда пайдалануға берілген).
4 жоба аяқталу сатысында:
12. «Казцинк» ЖШС – «Rail-Veyor» көлік жүйесін іске қосу арқылы Долинный-Обручевский кенішінің өнімділігін арттыру (1-ші кезек). Құны – 37,0 млрд. теңге. Жұмыс орындары – 320;
13. «Өскемен құс фабрикасы» АҚ – Өскемен құс фабрикасының бройлер өндірісін жылына 55 мың тонна ет өнімдеріне дейін кеңейту. Құны – 15,0 млрд. теңге. Жұмыс орындары – 1649;
14. «Сәтпаев тау-кен байыту кәсіпорны» ЖШС – екінші байыту фабрикасының құрылысы. Құны – 4,9 млрд. теңге. Жұмыс орындары – 221;
15. «Өскемен май экстракциялық кешені» ЖШС – майлы дақылдарды сақтауға арналған элеватор. Құны – 0,6 млрд. теңге. Жұмыс орны – 18.
Комментарии (0)