Кәсіпорын жұмысшыларының 70 пайызы онлайн форматқа ауыстырылды - ШҚО
18.01.2022 | 12.57
0
21
ШҚО-да эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аймақтың бас санитарлық дәрігерінің 17 қаңтардағы қаулысына сәйкес, вакцинацияның толық курсын аяқтаған 9 және 11-сыныптардан бөлек барлық сынып оқушылары үшінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматына көшірілген.
Сондай-ақ кәсіпорын жұмысшыларының да 70%-ы онлайн форматқа ауыстырылды.
Бұл туралы ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алиннің қатысуымен өткен брифингте белгілі болды.
Сонымен қатар, аймақта "омикрон" штаммын анықтау фактілері жоқ екені белгілі болды.
- Ресми мәліметтер бойынша, ШҚО - да "омикрон" штаммы табылған жоқ, - деді Ғалымбек Алин.
Комментарии (0)