Көзді ашытатын баллон қолданған өскемендік жаза арқалауы мүмкін
18.01.2021 | 10.30
0
329
Өскемен қаласы Полиция бөліміне 40 жастағы облыс орталығының тұрғыны хабарласып, азық-түлік дүкендерінің бірінің жанында туындаған жанжал кезінде бейтаныс азаматтың оның бетіне көзді ашытатын баллон шашқанын хабарлаған.
Сол ауданда қызмет өткеріп жүрген патрульдік экипаж 45 жастағы қала тұрғынын ұстаған. Күдікті кінәсін мойындады.
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша 45 жастағы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі
Комментарии (0)