Канело Головкинмен рингте қайта кездескісі келеді
27.01.2019 | 06.23
0
165
аАда Канелоны Джейкобспен жекпе-жегі күтіп тұр
Бұл туралы Геннадий Головкинді рингте жеңген мексикалық боксшы Сауль Альварестің бапкері Эдди Рейносо мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Рейносоның айтуынша, Сауль Дэниел Джейкобспен жекпе-жек өткізгеннен кейін Головкинмен кездесуге қызығушылық танытып отыр. Мұндай ұсынысқа GGG қандай жауап берер екен?
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Альварес пен Джейкобстың жекпе-жегі осы жылдың 4 мамырында өтетіні туралы жазған едік.
Комментарии (0)