Бүгін Үкімет отырысына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осы аптаның ішінде 2012-2014 жылдарға негізделген бюджетті қалыптастыруды аяқтауды тапсырды.
«Елбасының тапсырмаларын орындауды жеделдетіп бастау үшін ағымдағы аптаның ішінде біз бюджетті нақтылау мен толықтыруды аяқтауымыз қажет»,-деді К. Мәсімов.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Қазақстан халқына жолдауы барысында тың жобаларды іске асыру үшін бюджетті қайта қарау керек болатынын айтқан болатын.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 30 қаңтарда Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде Үкімет басшысының орынбасары Қайрат Келімбетов 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырған еді.
«Қаржы министрлігінің алдында тұрған басты міндеттер - ол Елбасы қойған мақсаттарды қаржылық қамтамасыз ету. Сондықтан да министрлікке 16 ақпанға дейін, яғни 2 аптадан кейін «Қазақстан Республикасының 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеп, Премьер-Министр Кеңсесіне енгізуі тиіс»,-деп атап өтті Қ. Келімбетов.
Комментарии (0)