Катонқарағай ауданының әкімі тағайындалды
23.01.2021 | 14.48
0
182
⠀
Облыс әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Катонқарағай ауданының әкімі лауазымына Қалиқан Ділдар Қаликанұлы тағайындалды.
- "Бүгін жаңа әкімнің кандидатурасын кезектен тыс өткен сессия барысында аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Аудан активіне Ділдар Қалиқанұлын облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев таныстырды", - деп мәлімдеді аймақ басшысының баспасөз қызметі.
⠀
Айта кетсек, Ділдар Қалихан 1985 жылы 17 қыркүйекте Шығыс қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Коробиха ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын "менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.
⠀
Еңбек жолын 2005 жылы "Дамир" шаруа қожалығының басшысы қызметінде бастаған. 2007 жылдан 2012 жылға дейін "Үш Бұлақ" ЖШС директоры болып жұмыс істеді.
⠀
2012 жылдан бастап ШҚО ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы, кейін ШҚО әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.
⠀
2014-2017 жылдары аралығында Зайсан және Катонқарағай аудандары әкімдерінің орынбасары лауазымында еңбек етті.
Комментарии (0)