Катонқарағайда көшкін жүрді – ШҚО
25.11.2021 | 14.57
0
53
24 қарашада Катонқарағай ауданында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аудандық полиция бөлімінің мәлімдеуінше, Согорное-Барлық-Ақсу жолында 200 текше метр қар көшкіні болған. Жолды тазалауға төрт техника жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Шығыс өңіріде 15 қарашадан бастап көшкін қаупі күшейетін кезең деп есептеледі. ТЖД мәліметінше, қар әсіресе Өскемен-Самар жолының бойына көп түскен.
Комментарии (0)