Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Сұхбат

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

0

10676

Мейрам Баймуханов - өмірдегі ақиқатты өнермен тінтумен келеді. Ресейдің Омбы қаласында дүниеге келген қандасымыз, бейнелеу өнерінде өзіндік мәнерімен танымал. Санкт-Петербург шаһарынан Семейге ат басын тіреген шеберді әңгімеге тартып, замануи мүсіннің ахуалына қанықтық.

Өнерге деген махаббат - қаннан дарыған

Сұхбатты бастамас бұрын «Мейрам Баймуханов кім?», - деген сауалға жауап берген жөн болар. Оның өмірге келмей тұрып болашақ мамандығы айқындалып қойған-ды. Әкесі Геймран Баймуханов, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетіндегі академиялық кескіндеме және сурет кафедрасының профессоры, Ресей суретшілер Одағының мүшесі, көршілес елдегі беделді кескіндемешілердің бірі. Мұны негізге алсақ, Мейрамның басқа саланы таңдауы мүмкін емес-ті. Ордалы отызға қарамастан, шебердің бағындырған белестері және ғылыми атағы мен регалилері аз емес. Ең негізгілерін жіпке тізсек, 2009 жылы Барнауылда өткен Сібірдің жас суретшілері IV—ші аймақаралық көрмесінің Гран-При лауреты, «Аз. Арт. Сібір - 2015» VII аймақаралық жастар көрмесінің «Мүсін» номинациясындағы Гран-При лауреаты, сондай-ақ 2010, 2012, 2013 және 2015 жылдары Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысындағы бірқатар сәулет және мүсін ескерткіштерін қайта жаңғыртуға атсалысқан. Бұдан бөлек, көптеген аймақтық, аймақаралық, бүкілресейлік және халықаралық көрмелермен қатар конкурстердің экспоненті (қатысушысы). Ресей Федерациясының Суретшілер одағының мүшесі, Санкт-Петербург қаласы Суретшілер одағының мүшесі және жуырда ғана алған соңғы атағы - ҚР Көркем академиясының академигі. Десек те бұл айтылғанның барлығы, жас мүсіншіні оқырманға жақындыра түспесі анық. Естеріңізде болса, былтырғы жылдың соңында бауырлас Түркия мемлекетінде салмағы 500 тонна, биіктігі 70 метрді құрайтын «Көроғлыға» алып ескерткіш қойылған еді. Мүсінші Мұрат Мансұровтың авторлық жұмысын сомдауға міне осы Мейрам Баймухановта септесті. Өнер коллаборациясының жемісі, дүйім Түркі әлемін таң қалдырды. Ал жас шебер мұндай көлемдегі монументалды жобадан таптырмас тәжірибе жинақтап қайтты. Енді сөзді тартып, риясыз әңгімеге кезек берейік.

Бейнелеу өнеріне келуіме Рембрандт әсер етті

- Бейнелеу өнерімен алғаш танысқан сәтіңіз есіңізде ме?

- Кезінде әкем Рембрандт туралы бір кітапты оқуға берген еді. Негізінен суретшілер өз өмірлері жайлы тартымды жаза біледі. Басқа кәсіп иелері сынды таңнан кешке дейін бір орында жұмыс істеу суретшіге жат. Біздің кәсібіміз көңіл күйге байланысты. Осының барлығы сол кітапта жан-жақты көрсетілген. Міне содан бастап бұл салаға ден қойдым. Әлі күнге дейін мамандық таңдауда қателеспегеніме қуанамын. Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты деп ойлаймын.

- Осы уақытқа дейін қолыңыздан қанша жұмыс шықты?

- Шыны керек санақ жүргізбеймін. Санкт-Петербургтің өзінде реставрациялық жұмыстар жетіп артылады. Институт қабырғасында 3-ші курстан бастап рельефті композицияларды сомдай бастадым. Мысалы кеуде мүсіншелері мүлдем есепке алынбайды. Ал ондай еңбектерім аз емес.

- Мүсіннің қандай түрі жаныңызға жақын?

- Түрлі бағытта жұмыс істеген ұнайды. Монументалды ескерткіштерден бастап, станокты мүсінге дейін. Бір кездері Қазақстанда бейнелеу өнерінің құлдырау кезеңі болды. Бұл теорияны мені жиі айтып келемін. Мысалы балбал тастарды алып қарайық. Өз дәуірінің мінсіз ескерткіштері. Олардың формалары кәсіби тұрғыда орындалған. Ал XX-шы ғасырдың басында социалистік реализм бағыты келді. Бірақта осы екі кезеңнің ортасында үлкен вакуум пайда болды. Міне осы сұрақ өзімді қатты ойландырады.

- Өзіңізді қандай бағыттың өкіліне жатқызасыз?

-  Академиялық білім алғандықтан, дәстүрлі мектепке жақынмын. Әйтсе де жеке шығармашылықта басқа бір жанрда мүмкіндігімді көргім келеді. Адам өмір бойы ізденумен өтеді. Сондықтан да дара жолымды іздеумен келемін.

Қалыптасқан таптаурындарды бұзу қажет

-  Әлем бір орында тұрмайтыны белгілі. Күн сайын сан алуан жаңалықтар ашылып жатады. Бүгінгінің адамын таң қалдыру оңай емес. Академиялық негізі бар суретші, дәстүрлі шеңберден шығып еркін көзқарасты білдіре ала ма?

-  Сол шеңберден шығудың амалын өзімде іздеп жүрмін. Әрине абстрактілі туындыны жасағың-ақ келеді, бірақ ол үшін қалыптасқан таптаурындарды бұзу қажет. Расымен де бұл оңай іс емес. Академиялық бағыт пен авторлық шығармашылықты бірдей алып жүру керек деп ойлаймын. Міне сондай тұлға – шын шебер деген атаққа лайық.    

- Мүсіншінің қоғам алдындағы жауапкершілігін атап өтсеңіз әрі ол адамзатқа қандай месседжді (хабарлама/жолдау) жеткізуі тиіс?

- Ол адамға байланысты. Бес саусақтың барлығы бірдей емес. Сол сияқты мүсіншілердің  әрқайсысы қайталанбас тұлға. Біріне философиялық ұғымдар жақын, енді бірі қоғамды тәрбиелеуді көздейді, үшіншісі өзінің азаматтық ұстанымын білдіргісі келеді. Мәселен идеологиялық ескерткіш, сіздің патриоттық сезіміңізді оятуы ықтимал. Авторлық жұмысқа қарап, қоғамдық мәселеге ой түюіңіз мүмкін. Сол секілді абстрактілі мүсін, мүлдем космологиялық бағытқа алып кетуі ғажап емес.

Қоғамның санасын жалған жұмыстармен тұмшалау қылмыспен пара-пар

- Өнер адамы қоғамдық сананы қалыптастыра ала ма?

- Жоқ, ол – қоғамдық талғамды қалыптастырады дер едім. Ал талғам дегеніміз не? Ол мәдениет. Егерде адам сапасыз орындалған ескерткіштің қасынан өтсе, қандай сезімде болады? Оның мәдениеті арта түсе ме? Күні кеше семейлік мүсінші Нұрбол Қалиевпен осы Шығыстағы ауданның біріне барып қайттық. Сонда орнатылған монументалды жұмыстарды көріп шықтым. Арасында Нұрболдың жұмысында байқадым. Айырмашылықтары жер мен көктей. Кейбір мүсіндерден төбе шашым тік тұрғаны рас. Мұндай туындылардан адамның дүниетанымы кеңейе түспейтіні хақ. Түсінесіз бе, қоғамның санасын жалған жұмыстармен тұмшалау қылмыспен пара-пар. Адамдар мұражайларға не үшін барады? Эмоция алғысы келеді. Рухани кемелдікке ұмтылады. Ал балабақшаның деңгейіндегі жұмыстардан қандай ләззат алуға болады?!

- Технологиялық жетістіктер бейнелеу өнерін алмастыру мүмкін бе?

-  Фотоаппарат ойлап табылғанда кескіндеме жойылып кеткен жоқ қой. Портретке тапсырыс беретіндер қалды. Әрине әсерін тигізді және әлі де тигізуі мүмкін. Атап айтсақ, 3D технология керемет өнертабысы. Оның көмегімен кез келген мүсіннің бөліктерін басып шығаруға болады. Десе де негізгі форманы жасау үлгісі сол күйінде қала береді. Бұдан дәстүрлі өнер ұтпаса да ұтылмасы анық.

-  Алдағы жоспарларыңызбен бөлісіп өтсеңіз?

-  Нұрболмен бірнеше жобаны бірлесіп жүзеге асырмақ ниеттеміз. Содан кейін Түркияда аяқтайтын жұмыстар кезекте тұр. Санкт-Петербургке оралу керек. Омбы қаласында бір суретшіге ескерткіш орнату көзделіп отыр. Бұдан бөлек Тель-Авивтің муниципалитетімен бірнеше жылға келісімшарт жасалған. Соған кірісу керек.

-  Әңгімеңізге рақмет!

 

Мейрам Баймухановтың Семейге келуіне Нұрбол Қалиев мұрындық болғанын айта кеткен орынды. Қазір өнер иелері бірлескен жобаны жүзеге асыруда. Қуантарлығы, шеберлердің қатарын тағы бір дарынды мүсінші алматылық Самат Салиевте толықтырған. Анықталғандай, шығармашылық тандем қаладағы мұражайлардың біріне Абайдың мүсінін және Қарауылға Тоқтамыс батырдың монументалды ескерткішін қоюды көздемек.

P.S. Осылайша, Семей орта ғасырдағы Флоренцияның кейіпіне енгендей әсер қалдырады. Италияның көне шаһары Еуропадағы Ренессанс(Қайта өрлеу) кезеңінің орталығы болғаны тарихтан мәлім. Бүгінгі өтпелі кезеңде Семей, озық ойлы интеллегенттердің шоғырланған ордасына айналып келеді. Демек, алдағы уақытта «Қазақ кватрочентосының» куәгері болуымыз әбден мүмкін. Бұған өнер авангардистерінің Шығыста бас қосуы дәлел емей немене?    

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 18:00

Қазақстанда + 20 градусқа дейін күн жылынады

Бүгін, 17:28

ШҚО мектептеріндегі онлайн білім беруде кеткен кемшіліктермен жұмыс

Бүгін, 15:04

ШҚО-да «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Бүгін, 12:18

«Алтай» волейбол клубы Азия чемпионатында алғаш рет жеңіске жетті

Бүгін, 10:30

Стационарларда науқастарға орын жоқ деген ақпарат жоққа шығарылды - ШҚО

Бүгін, 09:00

Amanzholov University оқытушыларының жалақысы 110%-ға артты

07.10.21, 15:04

Өскеменде кәмелетке толмаған қыз үйінен қашып, тұрмысқа шығып кеткен

07.10.21, 13:57

Қазақстанда нан қымбаттайды

07.10.21, 11:41

ШҚО-да қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен 333 құқық бұзушылық анықталды

07.10.21, 09:03

ШҚО-да өз қызметіне ұқыпсыз қараған дәрігерлер жұмысынан босатылды

06.10.21, 16:30

Қала тұрғындары суық пәтерлерде отырмауы керек – Семей әкімі

06.10.21, 12:29

ШҚО-да 600 мыңнан астам адам вакцина алды

06.10.21, 10:41

Өскеменде үстел теннисі орталығы салынып жатыр

06.10.21, 09:00

Риддерде денсаулық сақтау жүйесі тақырыбында іс-шара өтті

05.10.21, 15:05

Бөтен адамның атынан несие рәсімдеген күдікті ұсталды - Өскемен

05.10.21, 13:40

Түнде күн суынып, қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін - ШҚО

05.10.21, 11:59

Қазақстанда әлеуметтік желілер не үшін істемей қалғаны белгілі болды

05.10.21, 10:57

“Өскемен-Семей” тасжолында болған жол апатынан бір адам көз жұмды

05.10.21, 09:07

Елімізде індет жұқтырғандар саны 894 мыңнан асып кетті

04.10.21, 17:19

Риддерліктер қолөнер байқауынан жүлделі оралды

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 18:00

Қазақстанда + 20 градусқа дейін күн жылынады

Бүгін, 17:28

ШҚО мектептеріндегі онлайн білім беруде кеткен кемшіліктермен жұмыс

Бүгін, 15:04

ШҚО-да «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Бүгін, 12:18

«Алтай» волейбол клубы Азия чемпионатында алғаш рет жеңіске жетті

Бүгін, 10:30

Стационарларда науқастарға орын жоқ деген ақпарат жоққа шығарылды - ШҚО

Бүгін, 09:00

Amanzholov University оқытушыларының жалақысы 110%-ға артты

07.10.21, 15:04

Өскеменде кәмелетке толмаған қыз үйінен қашып, тұрмысқа шығып кеткен

07.10.21, 13:57

Қазақстанда нан қымбаттайды

07.10.21, 11:41

ШҚО-да қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен 333 құқық бұзушылық анықталды

07.10.21, 09:03

ШҚО-да өз қызметіне ұқыпсыз қараған дәрігерлер жұмысынан босатылды

06.10.21, 16:30

Қала тұрғындары суық пәтерлерде отырмауы керек – Семей әкімі

06.10.21, 12:29

ШҚО-да 600 мыңнан астам адам вакцина алды

06.10.21, 10:41

Өскеменде үстел теннисі орталығы салынып жатыр

06.10.21, 09:00

Риддерде денсаулық сақтау жүйесі тақырыбында іс-шара өтті

05.10.21, 15:05

Бөтен адамның атынан несие рәсімдеген күдікті ұсталды - Өскемен

05.10.21, 13:40

Түнде күн суынып, қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін - ШҚО

05.10.21, 11:59

Қазақстанда әлеуметтік желілер не үшін істемей қалғаны белгілі болды

05.10.21, 10:57

“Өскемен-Семей” тасжолында болған жол апатынан бір адам көз жұмды

05.10.21, 09:07

Елімізде індет жұқтырғандар саны 894 мыңнан асып кетті

04.10.21, 17:19

Риддерліктер қолөнер байқауынан жүлделі оралды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: