ХҚО бес күндік жұмыс кестесіне көшеді
06.09.2021 | 17.02
0
87
«Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар шығысқазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді кезексіз алуына болады. Жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі, жексенбі – демалыс. Дегенмен тұрғындардың ыңғайлылығы үшін Өскемен мен Семейде жұмыс күндері 9:00-ден 20:00-ге дейін бір кезекші бөлім істейді» деп жазады «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Кезекші ХҚО-тардың мекен-жайлары:
1. Өскемен қ., Белинский к-сі, 37а;
2. Семей қаласы, Б.Момышұлы көшесі 22.
«Халыққа қызмет көрсету орталықтарында санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтауды, бетперде киюді және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз» дейді мамандар.
Комментарии (0)