Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу қажет – ҚР Президенті
11.01.2022 | 15.23
0
13
ҚР Президенті Парламент Мәжілісінің отырысында кедейлікпен күрес жөніндегі жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Азаматтардың бақуаттылығы және әлеуметтік қамсыздығы мемлекеттің басты назарында болуы керек. Санмен ойынды қойып, нақты істерге көшетін кез келді. Мемлекеттік аппарат көп жағдайда «өзін-өзі тиімді жұмыспен қамтушылар», «ресми емес жұмыспен қамту» сияқты теминдермен бүркемеленуді жақсы көреді, -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы осының салдарынан адамдар жұмыссыздықпен бетпе-бет келіп және әлеуметтік қорғаусыз қалып жатқанын алға тартты. Айтуынша, бұл әлеуметтік-еңбек саласын сапалы жаңартуды қажет етеді. Қасым-Жомарт Тоқаев осы мақсатта қабылдануға тиіс шараларды атады.
- Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу қажет. Жұмыс нақты әрі әр азаматқа бағдарланған болуы керек. Басқарудың әр деңгейінде кедейлікті төмендетудың нақты көрсеткіштерін бекіту қажет, - деді Президент.
Комментарии (0)