Кіші Қарасу ауылында ауыз су желісі іске қосылды - Жарма
10.12.2021 | 16.02
0
101
Тұңғыш Президент күні қарсаңында Жарма ауданының Кіші Қарасу ауылында орталықтандырылған ауыз су желісі салтанатты түрде іске қосылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Көп жылдар шешімін күтіп келген мәселе мемлекеттік бағдарлама аясында оңтайлы шешімін тауып, ауыл халқы таза ауыз суға қол жеткізді.
Іс-шараға аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин қатысып ауыл тұрғындарын құттықтады.
Бүгінгі таңда барлық үйлерге су желісі тартылып, ауыл тұрғындары тұрмыста еркін пайдаланатын болады.
Комментарии (0)