Комендаттық сағат талаптарын бұзғандар қалай жазаланады?
11.01.2022 | 11.07
0
31
Барлығымызға белгілі, облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 6 қаңтар күні ШҚО-да комендаттық саған енгізілген болатын.
Комендаттық сағат талаптарына сәйкес, тұрғындар сағат түнгі 23.00-ден 7.00-ге дейінгі аралықта ешқайда шықпауы тиіс.
- Облыста түнгі сағат 23.00-ге дейін жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандарының жұмыс уақыты қысқартылды. Сондай-ақ таңғы 7.00-де жұмыс уақыты басталып кететін тұрғындар да бар. Олар жұмыс орнынан арнайы анықтама алып жүруі тиіс, - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Айта кету керек, егер түн ортасында ауырып қалған жандар болса, дәріханаға бармай, бірден жедел жәрдем шақыруына тура келеді.
Комендаттық сағат талаптарын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қамауға алынады. Сондай-ақ айыппұл арқалауы да мүмкін.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, төтенше жағдай 19 қаңтарға дейін созылмақ.
Комментарии (0)