«Конституциялық реформа» тақырыбында семинар өтті - Өскемен
26.05.2022 | 15.44
0
68
Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың бас ғимаратында конституциялық реформаларды түсіндіруге арналған «Конституциялық реформа» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Семинарға Басқарма Төрағасы-ректор міндетін атқарушы Сәуле Рахметуллина, «Amanat» партиясының Өскемен қалалық филиалының атқарушы хатшысы Арайлым Есімбекова, референдум өткізу жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың өкілі, қоғамдық қайраткер, «Жыл блогері 2013» бас номинациясының лауреаты, 2014 жылғы «Нұр Сұңқар» сыйлығының «Көзқарас - үздік блогер» номинациясының лауреаты, 2015 жылдың қорытындысы бойынша тағы да «Жыл блогері» сыйлығының иегері блогер Яков Фёдоров қатысып, ұстаздармен және студенттермен алдағы болтын маңызды, тарихи оқиғаға қатысты пікір алмасты.
- Бүгін біз студенттермен және оқытушылармен бірлесіп референдум мәселелерін талқыладық. Себебі, көптеген адамдарды бірінші кезекте рефорендумның олардың жеке басына тигізетін әсері туралы сұрақтар қызықтырып жатады. Менің ойымша, бұл соңғы екі жылдың ішінде бізде өтіп жатқан реформалардың қисынды ұсынысы. Ол адамдар үшін одан да көп мүмкіндіктер ашады. Мемлекетімізді алдағы уақытта үлкен өзгерістер күтіп тұр. Референдум реформалар мен түрлі өзгерістердің негізіне қалайды, - дейді Яков Фёдоров.
Шара барысында белсенді студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, референдум жайлы ойларымен бөлісті.
- Жалпы өзімнің алда келе жатқан еліміздегі тарихи оқиғаға көзқарасым оң. «Жаңа Қазақстанның» құрылуына, кез келген ауқымды өзгерістерге жастар әрқашан да жақсы көзқараста болады деп ойлаймын. Барлық қазақстандықтардың, оның ішінде жастардың референдумға белсене қатысуы өте маңызды деп білемін, - дейді Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың 3-курс студенті Адыханов Ертіс.
Комментарии (0)