Коробиха ауылдық округіндегі медициналық пунктер тозып тұр
22.11.2021 | 15.48
0
55
Катонқарағай ауданына қарасты Коробиха ауылдық округіндегі ауылдардың медициналық пунктері әбден тозып біткен. Жақында бірінің төбесі де опырылып түсіпті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімі Ділдар Қалиқан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Коробиха ауылдық округіндегі ауылдардың медициналық пунктерін көріп қайттым. Ескірген, тозған ғимараттар. Жақында бірінің төбесі опырылып түсіпті.
Барлық ауылындағы медициналық пункт 298 тұрғынға қызмет көрсетеді екен, - дейді аудан басшысы.
Қазіргі таңда төбесі опырылған медпункт уақытша ауылдық клубқа орналастырылған екен.
Әкім бұл мәселені алдағы жылы түбегейлі шешуге уәде етіп отыр.
Комментарии (0)