Ұлан ауданында мереке күні 10 отбасы баспаналы болды
10.12.2021 | 15.31
0
93
Бүгін Ұлан ауданында "Тұңғыш Президенті күні" мерекесіне және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар өткізілді. Аудан көлемінде әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қасым Қайсенов кентінде және Бозанбай ауылында "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 10 көпбалалы отбасына жаңа тұрғын үйлерден жалға берілетін пәтерлердің кілттері табысталды. Жоба ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың қолдауымен "Қолжетімді баспана" бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.
Алдағы уақытта қазір құрылысы жүріп жатқан осындай тағы бірнеше үйдің құрылысы аяқталған кейін әлеуметтік осал топтардан шыққан отбасыларға баспана беріледі.
Сондай-ақ, бүгін аудан орталығы мен Бозанбай ауылында балалар ойын алаңдары және спорт алаңдары ашылды.
Комментарии (0)