Ұлан ауданында орталықтандырылған су жүйесі қолданысқа берілді
22.12.2021 | 17.13
0
17
Ұлан ауданы, Герасимовка ауылында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Ауылым алтын бесігім" бағдарламасын аясында жаңа орталықтандырылған су жүйесі қолданысқа берілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев мәлімдеді.
Аталмыш жоба 600-ден астам үйді таза ауызсумен қамтамасыз етуге арналған. Қазірдің өзінде 400-ге жуық үй иелері жүйеге қосылып үлгерген.
Аудан әкімінің айтуынша, бұл жоба тұрғындар үшін өте қажетті және маңызды болап табылады.
- Мердігерлер жұмысты уақытынан кешіктірмей, келісілген уақытта аяқтады. Жалпы алғанда жөндеу жұмыстарына 700 млннан астам қаржы жұмсалды. Герасимовкадан бөлек, су жүйесі Гагарино мен Жаңа Одессо ауылдарына да тартылған, - дейді аудан әкімі.
Комментарии (0)