Ұлан халықтық театрына 60 жыл толды
09.12.2021 | 17.09
0
24
Ұлан ауданының халықтық театрына биыл 60 жыл толып отыр. Театр Бүкілодақтық конкурстардың 5 дүркін лауреаты, сондай-ақ республикалық конкурстардың номинанты және жеңімпазы атанған.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында театрдың әртістері көрермендердің назарына тағы бір тамаша қойылым ұсынды. "30 жұлдызды күн" акциясының аясында "Әке аманаты"спектаклінің премьерасы өтті.
Шараға облыстық мәдениет басқармасының басшысы, аудан басшылары және ардагер мәдениет қызметкерлері шақырылды.
Ауданның театр ұжымы әлі де болса өзінің өміршеңдігін көрсетіп, әлі алда талай көрермен көңілінен шығатын қойылымдар дайындайтынын дәлелдеді.
Қойылым соңында өнерпаздардың өнеріне ризашылығын білдірген ардагер мәдениет қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Комментарии (0)