Әлемдегі ең қанішер әйелдер туралы не білеміз?

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Әлем

Әлемдегі ең қанішер әйелдер туралы не білеміз?

0

208

Ерекше қатыгездігімен тарих бетінде қалған нәзік жандылар туралы ақпаратты fishki.net сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынамыз.


Ольга ханым

   Бұл әйелдің қатыгез болуына өміріндегі ауыр жайттар әсер еткен. Киев князі болған өмірлік жары Игорь Рюрикович өлтірілгеннен кейін Ольгаға барлық билікті өз қолына алуға тура келді. Ол күйеуін өлтірген древляндықтардың 20 елшісін тірідей көміп тастауды бұйырады. Олар Ольганы өз князьдері Малаға тұрмысқа береміз деген ниетпен келіп, өлім құшқан. Ольга мұнымен тоқтамай, древляндардан ең мықты үйленген азаматтарын өзіне жіберуді бұйырады. Олар ханыммен кездеспес бұрын жиналып, моншаға түсіп жатқанда Ольга моншаны ішіндегі азаматтармен қоса өртеп жібереді. Сондай-ақ, күйеуінің зиратында древляндықтарға ас берген ханым, оларды әбден масайтқаннан кейін өлтіруге бұйрық берген. Тарихи жазбалар сол күні бес мыңға жуық древляндық өлтірілгенін айтуда. Ал древляндықтардың астанасы Искоростеняны жаулау кезінде ол сол маңдағы құстардың аяғына отқа оранған күкіртті байлап, қаланы түгелдей өртеп жіберген.

 

I Изабелла Кастильская

   Кастилия мен Леон патшайымы Изабелла патша Арагонмен некесін қиып, Испанияның бір ел болып бірігуіне септік болады. Католиктер дініне берілген патшайым өзге дін өкілдерін жек көргені соншалық, он мыңдаған өзге дінге берілген адамды тірідей өртеу жазасына кескен. Патшайым бұл қатыгез әрекетін жүзеге асыру үшін Томас Торвемада есімді азаматты инквизитор ретінде тағайындайды. Ол Томас патшайымның бұйрықтарын бұлжытпай орындап, 100 мыңға жуық адамды өзге дінді ұстанғаны үшін түрлі азаптарға салып, жазалаған. Нәтижесінде 200 мыңға жуық араб пен еврей Испаниядан көшіп кетуге мәжбүр болды.

 

I Мария Тюдор

   "Қанды Мэри" атымен танымал бұл әйелге өз туған елінде бірде бір ескерткіш қоймаған. Оның билік тұсындағы кезеңі қатыгездік пен қантөгіске толы күйінде есте қалды. Тіпті Марияның қайтыс болған күнін жергілікті халық мейрам ретінде тойлататын болған. Мария Тюдор - ағылшын патшасы VIII Генрихтің қызы. Генрихтің қазасынан кейін Мария елін католиктік шіркеуге бағындыру үшін қарсы шыққандардың бәрін тірідей өртеп отырған.

 

Дарья Салтыкова

   Бұл ресейлік ірі жер иеленуші әйел ел есінде қатыгез адам өлтіргіш ретінде қалды. Ол өз қол астындағы қыздар мен жігіттерді азаптап өлтіріп отырған. Ол шаруаларды аштан қатырып, үстеріне ыстық су құйып, қақаған аязда жалаңаш қоя беретін. Кей кездері құрбандарының шашын өртеуді ермек еткен. Ақыры 138 шақты адамды өлтіргеннен кейін

ІІ Екатерина оны сотқа тартуды бұйырып, сот бастапқыда Дарьяны өлім жазасына кеседі. Алайда, кейін сенат пен императрицаның өзі оның жазасын жеңілдетіп, шенінен айырған. Ол өмірінің соңына дейін монастыр түрмесіне тоғытылу жазасына кесілді. Түрмеде 33 жылын өткізіп, 71 жасында қайтыс болды.

 

Цыси патшайымы

   Император гаремінен патшайымға дейін көтерілген Цыси адамдарды азаптап өлтіруден ләззат алатын. Цыси өзіне бір түндік ләззат үшін жас жігіттерді әкелуін бұйырып, кейін оларды бірден өлтіріп отырған деген де сыбыс бар. Қытай тарихында Цыси қатыгез әйел ретінде ғана емес, нашар патшайым ретінде қалған. Ол 50 жыл бойы барлық соғыстарда жеңіліс тауып, елдің жағдайын түсіріп жіберген. Ел қаражатын оңды-солды шашып, өз халқын аяусыз қырып отырған патшайым өлер алдында "ешқашан билікке әйел адамды жолатапаңдар" деп айтып кеткен деген де аңыз бар.

 

Эржебет Батори

"Қанды графиня" деген есіммен Венгрияда танымал болған Эржебет вампирлікпен әуестенген. Ол өз өмір жасын ұзарту үшін жас қыздардың қанымен толтырылған ваннаға шомылатын дейді көрген-білгендер. Алайда бұған қағаз жүзінде ешқандай дәлел болмаған. Дегенмен графинянің 650-ге жуық адамды асқан қатыгездікпен азаптап өлтіргеніне нақты айғақтар бар. Ол адамдардың қолдарын өртеп, бет-жүздерін және өзге дене мүшелерін тістеп, жұлатын. Кейін суыққа тірідей шығарып немесе аштан қатырып өлтіретін. Өкінішке орай, барлық дәлелдерге қарамастан, ол ауқатты отбасынан шыққанының арқасында сот алдына сол күйі келмеген.  Ал 1610 жылы Баториді сарайдағы бөлмеде қамап ұстап, графиня сол жерде төрт жылдан кейін қайтыс болады.

 

I Ранавалуна 

   I Ранавалуна XIX ғасырда Имерина патшалығын иелік еткен. Күйеуі қаза болғаннан кейін ол таққа таласқандарды өлтіріп отырған. Осылайша бар билікті өз қолына алған әйел Мадагаскар халқының бестен бір бөлігіне тең адамдарды аяусыз қырып салады. Елден қашып үлгермеген шаруаларды ол азаптап, тірідей қайнатып, құздан лақтырып отырған. Ранавалуна өз қоластындағыларының адалдығын у ішкізу арқылы тексеріп отырған. У себілген жаңғақты жегендер қандай да бар амалмен тірі қалып жатса, одан барлық айыптар алынып отырған. Осылайша 40 жыл билік еткен Ранавалуна тұсында 100 мыңға жуық адам уланып қаза болды. Бұл халық санының 20%-ын алатын. Тағы да

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 17:25

Облыс орталығында "жарылыс" болады

Бүгін, 17:08

ШҚО-да суға кеткен балықшының денесі табылды

Бүгін, 16:37

ХҚКО-да «Ashyq» жобасы арқылы «қызыл»,«сары» мәртебесі бар 20-дан астам адам анықталды – Өскемен

Бүгін, 16:18

1999 жыл: бетбұрыстар бастауында

Бүгін, 15:50

Бір аптада 55 рет орман өртенді – ШҚО

Бүгін, 15:30

Әйел адам заңсыз сақталған қаруды өткізіп, сыйақы алды– Өскемен

Бүгін, 14:48

Қызмет, маска және басқалар. ШҚО-ның бас санитариялық дәрігерінің Altaynews-ке берген сұхбаты

Бүгін, 14:45

Өскеменде тағы 3 сауда орталығынан вакцинация пункті ашылды

Бүгін, 14:26

Полиция тағы бір шұғыл іс-шараны бастады – ШҚО

Бүгін, 11:43

УЕФА-ның жаңа турнирі: қазақстандық клубтардың қарсыластары белгілі болды

Бүгін, 10:29

Еліміздегі ең үлкен көпірдің құрлысы басталды - ШҚО

Бүгін, 10:15

Шектеу шаралары шілдеге дейін ұзартылды – ШҚО

Бүгін, 10:05

ШҚО-да сотталған әйел сәнгер болуды армандайтынын айтты

Бүгін, 09:41

Тұрғын үйде өрт шықты – ШҚО

Бүгін, 09:00

Елімізде бір тәулікте 1145 адам індет жұқтырған

16.06.21, 17:59

Зайсанда "малдың алдынан шығамын" деп кеткен бала жоғалды

16.06.21, 17:24

Көкпекті ауданында жол апатынан бір адам қаза тапты

16.06.21, 17:16

ШҚО-да жаңа мектептер ашылады. Қай жерлерде?

16.06.21, 16:39

Тәуелсіздік құрдасы 3 мың шақырымды 34 күнде басып өтті

16.06.21, 16:03

Цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша қашықтықтан оқыту курстары ашылды

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

Бүгін, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 17:25

Облыс орталығында "жарылыс" болады

Бүгін, 17:08

ШҚО-да суға кеткен балықшының денесі табылды

Бүгін, 16:37

ХҚКО-да «Ashyq» жобасы арқылы «қызыл»,«сары» мәртебесі бар 20-дан астам адам анықталды – Өскемен

Бүгін, 16:18

1999 жыл: бетбұрыстар бастауында

Бүгін, 15:50

Бір аптада 55 рет орман өртенді – ШҚО

Бүгін, 15:30

Әйел адам заңсыз сақталған қаруды өткізіп, сыйақы алды– Өскемен

Бүгін, 14:48

Қызмет, маска және басқалар. ШҚО-ның бас санитариялық дәрігерінің Altaynews-ке берген сұхбаты

Бүгін, 14:45

Өскеменде тағы 3 сауда орталығынан вакцинация пункті ашылды

Бүгін, 14:26

Полиция тағы бір шұғыл іс-шараны бастады – ШҚО

Бүгін, 11:43

УЕФА-ның жаңа турнирі: қазақстандық клубтардың қарсыластары белгілі болды

Бүгін, 10:29

Еліміздегі ең үлкен көпірдің құрлысы басталды - ШҚО

Бүгін, 10:15

Шектеу шаралары шілдеге дейін ұзартылды – ШҚО

Бүгін, 10:05

ШҚО-да сотталған әйел сәнгер болуды армандайтынын айтты

Бүгін, 09:41

Тұрғын үйде өрт шықты – ШҚО

Бүгін, 09:00

Елімізде бір тәулікте 1145 адам індет жұқтырған

16.06.21, 17:59

Зайсанда "малдың алдынан шығамын" деп кеткен бала жоғалды

16.06.21, 17:24

Көкпекті ауданында жол апатынан бір адам қаза тапты

16.06.21, 17:16

ШҚО-да жаңа мектептер ашылады. Қай жерлерде?

16.06.21, 16:39

Тәуелсіздік құрдасы 3 мың шақырымды 34 күнде басып өтті

16.06.21, 16:03

Цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша қашықтықтан оқыту курстары ашылды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: