Әлеуметтік қолдау жалғасын табады - ШҚО
20.12.2021 | 17.39
0
35
ШҚО-да халықты әлеуметтік қолдау және тұрғындарды жұмыспен қамту жағы да назардан тыс қалмаған.
Облыста көп балалы отбасылар үшін, оқушыларды мектеп формасымен, аяқ киіммен қамтамасыз ету және тамақтандыру қарастырылған. Көп балалы ата-аналар мектепке дейінгі мекемелерге ақы төлеуден босатылған. Аталған санаттағы отбасылардың балалары үшін техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде тамақ пен жатақхана тегін.
2021 жылы 115 көп балалы отбасы жеңіл шарттармен 248 млн. теңгенің шағын несиесін алды. Ал соңғы екі жылда, оларға жалпы сомасы 803 млн. теңгені құрайтын, 239 шағын несие берілді.
Сонымен қатар, іске асырылып жатқан көп балалы отбасыларға баспана берудің кезеңдік бағдарламасы аясында кезекте тұрғандардың 40 пайызы, яғни 1625 отбасы 2021 жылға дейін тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Биыл 1250 отбасы баспаналы болады. Осы ретте, 2017 жылдан бері кезекте тұрған көп балалы отбасылардың қатары бес есеге өскенін айта кету орынды. Оларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі толық шешімін тапқанша жалғасады.
Комментарии (0)