Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға арналған орталық – ШҚО
03.12.2021 | 17.25
0
51
Семейде мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған «Ten Qogam» орталығының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ашылу салтанаты Тұңғыш Президенті күніне орайластырылды.
Орталық Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлының тікелей қолдауымен ашылып отыр.
«Ten Qogam» орталығында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің профилактикасы, емдеу және қолдау қызметтеріне жаппай қол жеткізе алады.
Орталық тірек-қимыл аппаратының дұрыс дамуына, бала тәрбиесіндегі ата-ананың психологиялық-педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыруға, қолдың ұсақ моторикасын, сезімін дамытуға, интеллектін қалыптастыруға, сөйлеу, зейін, есте сақтау және т.б. көмектеседі.
Комментарии (0)