Мұндай турнир Өскеменде тұңғыш рет өтті

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Мұндай турнир Өскеменде тұңғыш рет өтті

0

16

«Өскеменде денешынықтыру пәні мұғалімдерінің арасында сайыс болады. Оған еліміздің мегаполистерінен бастап қиырдағы ауылда тәлім беріп жүрген ұстаздарға дейін тегіс қатыса алады» дегенді естігенде бастапқыда сеніңкіремедім», – дейді дүбірлі додаға қатысушылардың бірі. Ол да жөн. Өйткені мұндай спорт тойы облыс орталығында алғаш рет өтіп отыр.

Кейінгі кезде ұрпақ тәрбиесінің ұстасы болған мұғалімдерге мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінуде. Президенттің пәрменімен «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Білім беру қызметкерлері жан-жақты қамқорлыққа алынды. Қоғамның да ұстаздарға құрметі арта түсті. Ол жақсы әрине. Енді міне қазақ сақарасының түкпір-түкпірінен жиылған денешынықтыру пәні мұғалімдері Кенді Алтайда бас қосып, керемет спорт мерекесіне куә болды. Президенттік көпсайыстан және «Спорт жұлдыздары» журналының жүлдесі үшін футзал, волейбол, үстел теннисінен ұйымдастырылған республикалық турнир ел егемендігінің 30 жылдығына арналды. Арысы Атырау, Ақтөбе, Алматы облыстарынан, берісі Қарағанды Павлодар, Семейден ат арытып келген дүлдүлдер Шығыс өңірге ерте түсетін күздің қара суығына да қараған жоқ, сайыстың көрігін қыздырды. Оның үстіне пандемияға байланысты мұндай дүбірлі турнирлердің қатары кейінгі бірер жылдар сиреп кеткен еді. Сайыскерлер сағынып қалыпты.

– Бұл турнир 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осыған дейін Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Орал, Қостанай, Қызылорда, Түркістан қатарлы бірнеше қалада өткіздік. Өскеменде биыл бірінші рет өткізіліп отыр. Жалпы, мұндай шараны қолға алудағы мақсатымыз – қала мен ауылда еңбек етіп жүрген денешынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби деңгейін, мәртебесін көтеру, шеберліктерін шыңдай түсу, бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік туғызу. Ал өз кезегінде білікті де білімді ұстаздан тәлім алған жас ұрпақ еліміздің болашағына қызмет ететіні түсінікті. Атағы дүркіреп шыққан кез келген спортшыға алғаш қаз бастырған осы денешынықтыру пәні мұғалімдері емес пе? – дейді турнирді ұйымдастырушы «Спорт жұлдыздары» журналының шеф-редакторы, грек-рим күресінен Қазақстанның спорт шебері Жандос Аянбек.

Үш күнге созылған жарыс барысында Президенттік көпсайыс пен үстел теннисінен үздіктер жас ерекшеліктері бойынша анықталды. Ал шағын футбол мен волейбол бәсекесінде қатысушылар өздері келген аудан-қалаларының атынан сынға түсті. Футзалдан Алматы қаласының Энергетикалық колледж командасы қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанды. Ол заңды. Өйткені бұл оқу орнынан қазақ футзалының жарқын өкілдері көптеп түлеп ұшқан. Волейболдан Тарбағатай ауданының командасы жеңістің ең биік тұғырынан көрінді.

Турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, арнайы дипломдар мен медальдарға ие болды. Барлық қатысушыға «Үздік денешынықтыру пәні мұғалімі» төсбелгісі, ал еңбек жолын енді бастаған жас педагогтарға «Жас маман» төсбелгісі табысталды. Бұған қоса Президенттік көпсайыста тиісті көрсеткіштерді (норматив) орындаған қатысушыларға спорт шеберіне үміткер дәрежесі берілді.  

– Жарыс жоғары деңгейде өтті. Алған әсер керемет. Бір серпіліп қалдық. Басқа өңірлерден келген әріптестермен араласып, тәжірибе алмастық, бір-бірімізден үйренетін дүниелер көп екен. Болашақта осындай турнирлер жалғасын таба берсе деген тілегіміз бар. Бұл іске атсалысқан баршасына, ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз, – деп ағынан жарылды өскемендік ұстаздар.   

Осы ретте дүбірлі доданың ойдағыдай өтуіне атсалысқан Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, грек-рим күресінен Азия чемпионы, Өскемендегі ойын түрлері бойынша спорт мектебінің директоры Ербол Қоңыратов, «Самғау мәдени қызметті және жаппай спортты дамыту орталығы» директорының спорт жөніндегі орынбасары, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрлан Қасымжанов, Президенттік сынақ және Президенттік көпсайыс федерациялар одағының вице-президенті Саят Нәдірбек сынды азаматтардың қолдауын ерекше атап өткен абзал.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 17:57

Бірқатар жолда көлік қозғалысы шектеу қойылды - ШҚО

Бүгін, 16:38

Полицейлердің әрекетіне қатысты шағымдарға арналған нөмірлер жарияланды

Бүгін, 14:02

ШҚО "сары аймаққа" кірді

Бүгін, 13:56

Коронавирус пен пневмониядан тағы 12 адам қайтыс болды

Бүгін, 12:48

Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек - Берік Уәли

Бүгін, 11:31

Президент тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандардың кінә дәрежесін анықтауды тапсырды

Бүгін, 10:23

Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

14.01.22, 16:25

ШҚО тұрғыны ЭКҰ бағдарламасы арқылы тұңғышын өмірге әкелді

14.01.22, 15:26

ШҚО-да төтенше жағдай режимі алынды

14.01.22, 15:19

ШҚО-да заңсыз балық аулағандар жазаланып жатыр

14.01.22, 15:01

ШҚО әкімі облыс тұрғындарын ревакцинация алуға шақырды

14.01.22, 14:45

ШҚО-да күндіз алкоголь өнімін сатуға рұқсат етілді

14.01.22, 14:41

Президенттің бұл шешімдері үлкен сенім туғызады - Айгүл Сейлхан

14.01.22, 14:39

Семейдегі әскери қалашықта күзет күшейтілген

14.01.22, 12:26

Мұз үстіндегі ертегі - ШҚО

14.01.22, 11:54

ШҚО-да алдағы күндері қар көшкіні жүруі мүмкін

14.01.22, 10:32

ШҚО-да тағы да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

14.01.22, 10:17

Бір тәулік ішінде «102» арнасына 592 өтініш келіп түскен - ШҚО

14.01.22, 09:50

"Өскемен" және "Шүлбі" ГЭС-тері 100 пайыз мемлекетке тиесілі

14.01.22, 09:29

COVID-19: ШҚО «жасыл» аймақта тұр

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

Бүгін, 17:57

Бірқатар жолда көлік қозғалысы шектеу қойылды - ШҚО

Бүгін, 16:38

Полицейлердің әрекетіне қатысты шағымдарға арналған нөмірлер жарияланды

Бүгін, 14:02

ШҚО "сары аймаққа" кірді

Бүгін, 13:56

Коронавирус пен пневмониядан тағы 12 адам қайтыс болды

Бүгін, 12:48

Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек - Берік Уәли

Бүгін, 11:31

Президент тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандардың кінә дәрежесін анықтауды тапсырды

Бүгін, 10:23

Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

14.01.22, 16:25

ШҚО тұрғыны ЭКҰ бағдарламасы арқылы тұңғышын өмірге әкелді

14.01.22, 15:26

ШҚО-да төтенше жағдай режимі алынды

14.01.22, 15:19

ШҚО-да заңсыз балық аулағандар жазаланып жатыр

14.01.22, 15:01

ШҚО әкімі облыс тұрғындарын ревакцинация алуға шақырды

14.01.22, 14:45

ШҚО-да күндіз алкоголь өнімін сатуға рұқсат етілді

14.01.22, 14:41

Президенттің бұл шешімдері үлкен сенім туғызады - Айгүл Сейлхан

14.01.22, 14:39

Семейдегі әскери қалашықта күзет күшейтілген

14.01.22, 12:26

Мұз үстіндегі ертегі - ШҚО

14.01.22, 11:54

ШҚО-да алдағы күндері қар көшкіні жүруі мүмкін

14.01.22, 10:32

ШҚО-да тағы да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

14.01.22, 10:17

Бір тәулік ішінде «102» арнасына 592 өтініш келіп түскен - ШҚО

14.01.22, 09:50

"Өскемен" және "Шүлбі" ГЭС-тері 100 пайыз мемлекетке тиесілі

14.01.22, 09:29

COVID-19: ШҚО «жасыл» аймақта тұр

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: