Мұрағаттардан ақталмаған азаматтардың 2847 ісі табылған – ШҚО әкімі
23.12.2021 | 16.54
0
33
Бүгін ШҚО әкімі саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның есебін тыңдады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл жұмыста тарихшылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғалымдар үлкен әрі маңызды жұмыс атқарғанын бірден атап өту керек.
Аймақ басышсының айтуынша, мұрағаттардан ақталмаған азаматтардың 2847 ісі табылды, олардың 2666-сы оңалту шарттарына жатады, комиссия барлық қажетті құжаттарды дайындап қойған. Сондай-ақ өз туыстарының тағдыры туралы білгісі келетін адамдардың көптеген өтініштерінен кейін мамандандырылған портал да ашылды. Ол жерде тұрғындар өтініш қалдыра алады. Мамандар оны міндетті түрде қарастыратын болады. Қазірдің өзінде 494 іс Мемлекеттік комиссияның қарауына жіберілмек.
- Комиссия күштеп жер аударылған адамдардың 203 ісін толық зерделеді, оның үстіне ұзақ жылдар ішінде алғаш рет олардың нақты саны анықталды. Жоғарыда айтылғандардан басқа, мамандар Ұлы Отан соғысы кезінде концлагерьлерде болған шығысқазақстандық әскери тұтқындардың істерімен жұмыс істеуде, - дейді Даниал Ахметов.
Сонымен қатар бұл жұмысқа студенттерді, магистранттар мен волонтерлер де тартылмақ.
Комментарии (0)