Мал басы көбейгенмен ет арзандамай тұр. Неге?

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Әлеумет

Мал басы көбейгенмен ет арзандамай тұр. Неге?

0

142

«Ет жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді» деп қазекем қалай дәл айтқан. Өкінішке қарай, әсіресе қолында малы жоқ қаладағы жұрт етті өңінде емес, түсінде көбірек көретін сияқты. Неге дейсіз бе? Қымбатшылық жайлаған мына заманда әр үйдің қазан көтеруге жағдайы келмейді. Базардағы еттің бағасы удай.

Дүкендегі ет бағасының өскені ең алдымен халықтың қалтасына салмақ түсірері анық. Жыл сайын ірі қара малдың басы көбейіп жатса да, бұл одан түсер өнімнің бағасына еш әсер етпей тұр. Керісінше, ет өнімдері көбейген сайын баға да шарықтай түседі. Бұлай деуімізге ranking.kz ақпараттық порталының жүргізген статистика мәліметі дәлел. Статистика мәліметтеріне жүгінсек, 2021 жылы елдегі мүйізді ірі қара малдың саны – 8,2 миллионға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3%-ға артық.

мал (1).jpg

Кестеге зер салсақ, өсу деңгейін байқауға болады. Дегенмен 2022 жылдың қаңтар айындағы деректерге сүйенсек, еттің бағасы 8,6%-ға өскенін көреміз. Мәселен, елімізде сиырдың жілікті етінің бір келісі орта есеппен – 2236 теңге, қойдың еті – 2418 теңгеге дейін өскен. Ал жылқы еті – 2603 теңгеден сатылымға шығарылған. Тауық етінің бір келісі былтыр 1000 теңге болса, биыл 1075 теңгеден сатылып жатыр. Жалпы еліміздегі қалаларда ет бағасы төмендегідей:

2.jpg

Кестеден көргеніміздей, еліміздегі ең қымбат сиыр еті Нұр-Сұлтан қаласында болса, одан кейін Өскеменде екен. Тіпті бір облыстағы екі қала Өскемен мен Семейде баға әртүрлі, жер мен көктей. Өскеменде құс фабрикасы болғанымен тауық еті де арзан деп айтуға келмейді.


– Жыл сайын етке жұмсайтын ақша мөлшері көбейіп барады. Онсыз да азық-түлік қымбат. «Ет жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді», демекші, болашақта етті түсімізде ғана көріп қалмайық деп қорқамын, – дейді қала тұрғыны Мөлдір Мұхтарова.


Иә, халықтың тапқан айлығының жартысынан көбі азық-түлікке жұмсалып жатқаны айтпаса да анық. Бағаның өсуіне не түрткі? Мал саны көбеймесе, азайып жатқан жок. Бұл сөзімізге жоғарыда келтірген ресми деректер дәлел. Осы сұрақтың жауабын іздеп біз қалаға ет жеткізетін фермерлермен тілдесіп көрдік.


– Қазір бұрынғыдай сауда жоқ. Ірі қарадан қарағанда ұсақ малдың еті сұранысқа ие. Мәселен, біз сиыр етінің бір келісін 1800-1900 теңгеге сатамыз. Өкпесін, басын тегін береміз. Ауылдан қалаға жеткенше етіміз сорғып салмағы азаяды. Етті тексерістен өткіземіз, жолға кететін шығын бір бөлек. Ал қой етін 2000-2200 теңгеге өткіземіз, – дейді фермер Қабылқақ Қапарбек.


Жаздағы қуаңшылықты ауылдағы мал бағып отырған әр шаруа біледі. Шөп пен жем сатып алып отырған олар етті де анау айтқандай қымбатқа өткізіп жатқан жоқ. Өйткені малды қорада қалдырса шығынға батады. Бұл тұрғыда ет саудалап жүргендердің де бағаға қатысты айтары бар.


– Етке баға қосып саудалайтынымыз белгілі. Өйткені ай сайын жалға алған орнымызға ақша төлейміз. Қосымша су, жарық, жылу жүйесіне, күзетке беретін қаражат бар. Етті шауып, бөлшектеп беретіндердің қолақысы, дүкен ішіндегі тазалыққа жауап беретін қызметшінің еңбегі бар.  Қысқасы, бізден шығатын шығын да аз емес, – дейді саудагер Сәуле Смағұлова.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы берген ақпаратқа жүгінсек, осы жылдың басында аймақта 1 милллионның үстінде ірі қара малы есепке алынған, оның ішінде сиыр – 614 047, жылқы – 478 795. Ал құстың саны – 978 162.


Басқармадағылар базардағы бағаны бақылай ма?

Былтыр елімізде ет экспортына алты айға шектеу қойылған. Экспортқа уақытша тыйым салу арқылы елдегі бағаны тұрақтандыруды көздеген биліктегілер бұл шешімнің салдарынан фермерлердің табысы 30%-ға төмендейтінін ескермеген сыңайлы. Былтыр біздің ел 21,7 мың тонна ет пен малдың ішкі мүшелерін экспорттаған. Бұл аса көп емес. Демек экспортқа салынған тыйым шаруалардың жағдайын қиындатып жіберген сияқты. Осы орайда фермерлердің проблемасын үнемі көтеріп жүретін «Ақ Жол» партиясының депутаты өз ойымен бөлісті.


– Былтыр қуаңшылық болып, зардабын қанша шаруа тартқанын білеміз. Сол себепті Шығыс Қазақстан облысына мал алушылар келмеді. Тарбағатай, Үржар, Көкпекті, Аягөз, Жарма, Абай аудандарының тұрғындары күзде малдарын арзанға сатса да, қымбат бағаға жемшөп алуға мәжбүр болды. Сондықтан да ет бағасының қымбаттауы заңды құбылыс. Осыдан он жыл бұрын семейлік кәсіпкерлер Америкаға барып бір фермердің шаруашылығымен танысқан еді. Бордақылау алаңында тұрған 100 мың бас сиырды көргенде таңғалыпты. Біздің аудандарда ондай мал жоғын білеміз. Америкада шаруалардың жемшөбін кәсіпорындар әзірлеп береді екен. Біздің елде де сондай жүйе құратын кез келді. Сонда ғана еттің бағасы арзандайды, – дейді Семей аймақтық «Ақ Жол» партиясының төрағасы Рахат Алтай.


Депутаттың сөзінің жаны бар. Себебі АҚШ-та кейінгі 200 жылда ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып кеткен. Бізге де осындай бір тетіктерді енгізетін уақыт келді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ет бағасына бақылау жасап отырмыз дегенді алға тартып отыр.


– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жүргізілетін баға мониторингі үшін апта сайын статистика бюросына жедел ақпарат деректері жіберіледі. Аталған мәліметке жүгінсек облыс бойынша былтыр қыркүйек айынан бастап бір келі сиыр етінің (жауырын, төс бөлігі) орташа бағасы 2033 теңге мөлшерінде, баға өспеген. Ал 2022 жылғы 15 ақпандағы мәлімет бойынша бір келі сиыр етінің (жауырын, төс бөлігі) орта республикалық бағасы – 2076 теңге, – дейді басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы Ербол Қуанышев.


Басқарма басшылығы ет қарапайым халыққа қолжетімді болуы үшін Өскемен мен Семей қалаларында сәуір айына дейін тұрақты түрде жәрмеңке өткізілетінін айтты.


– Аймақта дәстүрлі түрде жәрмеңке өткізіп отырамыз. Жәрмеңкеде саудаланатын еттің барлық түрінің бағасы 2000-2400 теңге (бір кг) аралығында және базардағы бағадан 10-15%-ға төмен. Сонымен қатар баға шарықтамас үшін облыс әкімінің өкімімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына талдау жасайтын жұмыс тобы құрылған, – дейді Ербол Қуанышев.


Ал құс фабрикасы бола тұра тауық етінің бағасы неге қымбат деген сауалға басқармадағы мамандар былай деп жауап берді:


– Статистикалық деректер бойынша 2021 жылғы ақпан айында құс етінің (сан сүйек және жұмсақ еті бар сан жілік) бағасы – 917 теңге/кг, орташа республикалық баға – 974 теңге/кг. Еліміздегі орташа бағадан облыстағы құс етінің бағасы (5,9 %) төмен.

Жауапқа зер салсақ, 2021 жылғы ақпаннан бері арада тұп-тура бір жыл өтті және құс етінің бір келісі 917 теңге деген баға қазір жоқ. Осы орайда біз облыс орталығындағы дүкендерді аралап, «фототұзаққа» түскен бағаларды назарларыңызға ұсынамыз. Арнайы жұмыс тобының құлағына алтын сырға, сөрелерде ет бағасының көрсетілмеуін де бақылауға алуды ұмытпаңыздар. Халық шағымданған дүкендердегі баға төмендегідей. Арнайы жұмыс тобы қала ішін аралап, олқылықтардың орнын толтырар деген үміттеміз.

 

 


Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 13:33

ШҚО әкімі тұрғындарды Елорда күнімен құттықтады

Бүгін, 12:36

Коронавирус жағдайына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасалды

Бүгін, 12:16

Қазақстанда автокөлікпен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салынды

Бүгін, 11:03

Өңірлер мектеп формасының түсін өздері таңдай алады

Бүгін, 10:30

Қазақстандықтар астана күнін атап өтіп жатыр

Бүгін, 10:13

Бүгін Секен Тұрысбектің концерті өтеді - Өскемен

Бүгін, 09:11

Алдағы үш жылда ШҚО-да 19 спорт нысаны салынады

Бүгін, 09:00

6 шілде - елорда күні

05.07.22, 18:04

Ұлан ауданының тұрғындары алтын өндіретін кәсіпорынға қарсы шықты

05.07.22, 17:04

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жаңа тәртіппен жүргізілмек

05.07.22, 16:32

Доллар бағамы қайта көтерілді

05.07.22, 15:16

АвтоХҚО мен ХҚО 6 және 9 шілде күндері жұмыс істемейді

05.07.22, 14:34

Жаңа Бұқтырма Алтай ауданының туристік орталығына айналмақ

05.07.22, 14:21

«7-20-25»-тің орнына жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

05.07.22, 13:08

Қазақстанда алғаш рет турникке тартылудан жарыс өтеді

05.07.22, 12:44

Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

05.07.22, 12:11

ШҚО жолдарында жеті мыңға жуық заңбұзушылық анықталды

05.07.22, 12:01

Өскеменде әлеуметтік көмір сатылып жатыр

05.07.22, 12:00

ШҚО тұрғындары бизнесті онлайн тіркей алады

05.07.22, 11:32

Өрттің одан әрі таралмауына демалушылар ерекше күш салды – куәгерлер

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 13:33

ШҚО әкімі тұрғындарды Елорда күнімен құттықтады

Бүгін, 12:36

Коронавирус жағдайына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасалды

Бүгін, 12:16

Қазақстанда автокөлікпен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салынды

Бүгін, 11:03

Өңірлер мектеп формасының түсін өздері таңдай алады

Бүгін, 10:30

Қазақстандықтар астана күнін атап өтіп жатыр

Бүгін, 10:13

Бүгін Секен Тұрысбектің концерті өтеді - Өскемен

Бүгін, 09:11

Алдағы үш жылда ШҚО-да 19 спорт нысаны салынады

Бүгін, 09:00

6 шілде - елорда күні

05.07.22, 18:04

Ұлан ауданының тұрғындары алтын өндіретін кәсіпорынға қарсы шықты

05.07.22, 17:04

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жаңа тәртіппен жүргізілмек

05.07.22, 16:32

Доллар бағамы қайта көтерілді

05.07.22, 15:16

АвтоХҚО мен ХҚО 6 және 9 шілде күндері жұмыс істемейді

05.07.22, 14:34

Жаңа Бұқтырма Алтай ауданының туристік орталығына айналмақ

05.07.22, 14:21

«7-20-25»-тің орнына жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

05.07.22, 13:08

Қазақстанда алғаш рет турникке тартылудан жарыс өтеді

05.07.22, 12:44

Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

05.07.22, 12:11

ШҚО жолдарында жеті мыңға жуық заңбұзушылық анықталды

05.07.22, 12:01

Өскеменде әлеуметтік көмір сатылып жатыр

05.07.22, 12:00

ШҚО тұрғындары бизнесті онлайн тіркей алады

05.07.22, 11:32

Өрттің одан әрі таралмауына демалушылар ерекше күш салды – куәгерлер

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: