Мас күйінде көлік тізгіндеген 36 жүргізуші ұсталды - ШҚО
28.01.2022 | 10.37
0
37
19 қаңтардан бастап өңірде полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазір облыста "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.
Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері облыс бойынша 190 қылмыс тіркеліп, оның 130-ы ізін суытпай ашылды.
Сондай-ақ мас күйінде көлік тізгіндеген 36 жүргізуші ұсталды.
- - 24 қаңтар күні сағат 18.30 шамасында Целинная көшесінде 40 жастағы ер адамның басқаруымен "Лада" маркалы автокөлігі тоқтатылды. Құжаттарды тексеру кезінде аталған жүргізушінің 2020 жылдың мамыр айында мас күйінде автокөлік құралын басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Осыдан кейін ҚР ӘҚБК 797-бабына сәйкес тәртіп бұзушының көлік құралы арнайы тұраққа қамалып, тәртіп бұзушыға қатысты 612-баптың 4-1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Өскемен қаласының әкімшілік сотының шешімі бойынша 70 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Комментарии (0)